Еңбек мигранттары немесе гастарбайтерлер

Еңбек мигранттары немесе гастарбайтерлер
жеке
блог

      Еңбек мигранттары дегеніміз кімдер? Қазірде базарларымыз бен құрылыс саласында, жергілікті халық істей бермейтін қиын жұмыс түрлерінде шет елден келген "гастарбайтерлер" немесе тұрақсыз жұмысшылар тобын кездестіруге болады.

      Олардың үштен екісі Өзбекстан мемлекетінен, қалғандары Тәжікстан, Қырғыстан басқа да Орта Азия елдерінен келген екен. Халықаралық көші-қон ұйымының статистикасы бойынша Қазақстанда  2010 жылдың қорытындысы бойынша жарты миллионнан бір миллонға дейін мигранттар бар. Ал болашақта олардың саны үш миллонға дейін жетеді және оның 200-300 ғана заңды тіркеуден өтуі мүмкін. Себебі олардың тіркейтін заңды органдар бізде тапшылық көрінеді.  Олардың тек жартысына жуығы немесе одан да аз бөлігі заңды тіркеуден өткізілген. 

     Қазақстан еңбек мигранттары көп он елдің қатарына еніп үлгерді. "Қазақстан тұрақтылық пен төзімділік тұрғысынан Ресеймен салыстырғанда әлдеқайда жайлы дейді" - гастарбайтерлер.

       Бірақ, биылдан бастан еңбек мигранттарының бұрынғыдай вагон-вагон болып келуіне шектеу қойылмақ. Және олар гастарбайтерлер емес заңды түрде еңбек мигранты болып тіркеліп, бізге салық төлемек. Салық көлемі - ең төменгі 2 - есептік көрсеткіш болуы мүмкін. Егерде осылай 100 мың мигрант жыл сайын салық төлейтін болса, мемлекет қазынасына қыруар қаржы құйылады-мыс.