Еңбек қабілет vs Талант қабілет

Еңбек қабілет vs Талант қабілет
жеке
блог

Жер бетінде 7 млрд-тан астам адам өмір сүреді. Олардың әрқайсысының өзіндік жеке қабілеттері болады. 

Бірі туа біткеннен белгілі бір іске икемі болса, ал бірі еңбектеніп, мандай терімен, тәжірибемен жетеді. Бірінші айтқан адамды тума талант десек, екіншісін еңбекқор,  қайтпас қайсар деп жатамыз. Бұл екі адамның айырмашылығы осы да.

Статистикаға сүйенсек талантпен келген қабілетпен, еңбекпен келген қабілет бәсекеге түссе,  көп жағдайда еңбекпен келген қабілет жеңіп кетіп жатады. Неге?

Себебі еңбекпен келген қабілет таланттан туған қабілеттенде көп нәрсені көреді және сонымен жұмыс жасайды. Қателіктерін іздейді. Жеңіледі, жеңеді солай бәсекенің қиын қыстауынан сыпытылып шығып кетеді. Міне еңбектің қабілетінің бір мықты тұсы осы да.

Дегенмен таланттан туған қабілетті, одан әрі дамытып, оның ішкі дүниесіне кіретін болса,  онда оның жеңілуі екі талайға соғады. Барлық қабілеттің мықты және әлсіз тұсы болады. Сол мықты тұсың әрі қарай дамытып, әлсіз тұсымен жұмыс жасай алатын болса алынбайтын қамал, аса алмайтын тауы болмайды.