Міне, арнайы тапсырмаға да уақыт келіп жетті. Маған берілген арнайы тапсырма ең үздік 5 ертегіні анықтау болатын. Ғалымдың айтуынша, ертегілер өсіп келе жатқан баланың ой-өрісін дамытуға үлес қосады екен. Ендеше үздік ертегілерге кезек берейік:
1."Алтын балық" . А.С.Пушкиннің бұл ертегісі бізді бар нәрсеге қанағат етуге үйретеді.
2." Ер Төстік". Бұл ертегіні әрбір қазақ баласы біледі деп ойлаймын. Бала кезінде барлығы ата-әжесінен осы ертегіні тыңдап өскен.Қазіргі уақытта бұл ертегі желісі бойынша мультфильм түсірілгені бәрімізге ортақ қуаныш.
3."Мұрагер". Бұл ертегі бір байдың қайтыс болар кезінде 3 ұлының арасынан мұрагер таңдауы жайлы. Ол ұлдарына байлықтарыңды көрсетіңдер дегенде біреуі жүзік,біреуі белдігін көрсетеді. Ал ең кенжесі "менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те
жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар, кайрат-жігерге толы жүрегім бар",— дейді. Осылайша ең кішісі мұрагер болады.
4."Тазша бала". Бәрімізге белгілі ертегілердің бірі. Жас баланың ханды тапқырлығымен жеңуі арқылы танымал.
5. "Күлше қыз" Барлық қыздардың бала кезіндегі сүйікті ертегісі деп ойлаймын. Өгей анасы мен әпкелерінен қорлық көрген қыздың ханзадаға тұрмысқа шығуы жайлы.