Ең үздік 5 поэма (арнайы тапсырма)

Кітап-адамның рухани байлығын, тіл байлығын, жан дүниесін дамытатыны сөзсіз. Кітап арқылы адам өзінің барлық керегін таба алады. Мен кітап оқығанды, жинағанды жақсы көремін. Кітап жинап, оқу үшін "Аятқа кітап сыйла" жобасын жүргіздім, бастамам жаман емес, бірнеше кітаптарға қол жеткіздім. Алдағы уақытта да бұл жобамды дамытатын боламын. 


Маған берілген тапсырма
"5 үздік поэма". Поэма дегеніміз не? Поэма-эпостық жанрдың бір түрі, белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын өлеңмен сипаттайтын поэтикалық шығарма. Олай болса маған ұнаған 5 үздік поэмамен таныс болыңыздар!

Абай Құнанбайұлы "ЕСКЕНДІР" поэмасы
"Ескендір" поэмасында көрші елдерге шабуыл жасап, ханын өлтіріп, халқын талап, жазықсыз жандардың қанын судай шашқан қанішер, жауыз Ескендірдің шапқыншылық әрекетін суреттейді. Ақыры темір қорғанды қақпаға кездесіп, қамалды ала алмай дағдарысқа ұшыраған патшаға қақпаның күзетшісі орамалға түйген адамның көз сүйегін сыйға тартады. Оның мәнісін түсінбей ашуланған Ескендір ойшыл-ғалым Аристотельден жұмбақтың мәнін сұрайды. Аристотель адам көзі тіршілікте еш нәрсеге тоймайтынын, тек өлгенде топыраққа көміліп тынатынын айтады. Абай атамыз жауыздықты ізгілік жеңеді деп қортынды жасайды. Бұл поэмадан мен не түйдім? Поэмадағы оқиғаны бүгінгі біздің қоғамнан көруге болады. Қазіргі кезде кейбір қалтасы қалың адамдар ақшаның көзін ашуды қалайды. Бірақ бірнәрсені аңғармайды. Барлығымыздың баратын жеріміз бір! Сол үшінде әрқашан қарапайым болып, жетім-жесірлерге, науқас адамдарға көмектесуіміз жөн.

Абай Құнанбайұлы "МАСҒҰТ" поэмасы
"МАСҒҰТ" поэманың идеясында әйелді қоғамның ерлерге мүшесі деп тану, оның әлеуметтік өмірдегі орнын бағалау жағына көбірек көңіл бөлінеді. Мұны Масғұттың көзқарасынан айқын танимын. Ұры тонап жатқан шалды айырып алған ол шалдан базарлық алуға барғанда өзіне қызыл жемісті таңдайды.
Ағын жесең, ақылың жаннан асар,
Сары жесең, дәулетің судай тасар.
Егер де қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар,-
дейді шал. Масғұт ақылды да, байлықты да таңдамайды, оларды былайша сынайды: көп наданның арасындағы жалғыз ақылды адамның күйіне де, байлық пен малқұмарлық аздырған байдың жайына да талғампаздықпен қарайды. Ол әйелмен достықты қадір тұтады. Ер мен әйел теңдігін жақтайды. Поэма ақынның осы идеясына әкелетін оқиғаны баяндауға құрылады. Онда суреткерлік емес, ой, ақыл басым. Мен бұл поэмадан не түйдім? Өмірде-ақылды ата-анамыз арқылы үлгі алып, тәрбиемен сусындап, ақыл жинауға болады. Өмірде- еңбектеніп, мақсат қойып, байлыққа қол жеткізуге болады. Ал өмірдегі бақытыңды бірақ мәрте таба аласың, ол-өмірлік жарың! Қазіргі біздің қоғамда ер мен әйелдің теңдігі тең дәрежеде, ер мен әйелде жұмыс жасай алады, көлік айдайды тағысын тағы. Бұл шығармада Абай атамыз заман шындығын өлеңмен өрнектеген. Қасыңнан табылатын, бір жастықта қартаятын қызыл жемісті таңдайық. Ол өмірлік бақытың!

Мағжан Жұмабаев "БАТЫР БАЯН" поэмасы
Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алады. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуады. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.
Батыр Баян поэмасы маған көп дүниені үйретті, өмірдің мәнін ашты.Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына көрсетпесе де, өлердей ғашық болатын. Бірақ оның өз бауырын, былайша айтқанда, өз тұяғын өлтіргені – озбырлық, қатігездік.

Мұқағали Мақатаев "АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА" поэмасы

Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана дертінен айрылады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады да, мылтықтың оғы аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,алайда үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын түсінеді. Бұл поэмадан мынадай ой түйдім Ана баласы үшін барын беретінің, жаның беретіні сөзсіз. Ал қазіргі кейбір аналарымыз ше! Балаларына жаның беріп тұрмай аялы алақаныңа қыспай, қоқыс жәшіктеріне, балалар үйіне тастауда. Бұл дұрыс па?! Әрине, жоқ, ол баланы дүниеге ұрпақ жалғастыру үшін, бақытты ету үшін алып келеді. Бала бақыт- баламен, періштемен ойнамайық, ойланайық!

Мұқағали Мақатаев "РАЙЫМБЕК, РАЙЫМБЕК" поэмасы

I бөлім

Тыныш жатқан қазақ еліне жоңғарлар шабады. Сол уақытта елінің,жерінің қиын жағдайға түскенін Қабай жырау зарлана айтады. Бастарына қара бұлт төніп, батырларынан айырылған қазақ елінің ауыр жағдайы суреттеледі. Сол уақытта Қабай жырау өліктер арасынан кішкентай баланы тауып алады......

IIбөлім

Бала Райымбек ат жарысынан "Райымбек! Райымбек!" деп өз атын өзі ұрандап келеді. Баланың бұл қылығына ауыл ақсақалдары ашуланады. Райымбек өзіне Қабай жырауды қалқан тұтып, өз ойында түйіп жүрген сөздерін халыққа айтады. Оның осы айтқандарынан кейін әкесі Түке қайтыс болады. Райымбектің жасы 18-ге толады. "Қазақтарды жау шауып жатыр", деген хабарды естіген Райымбек жауға аттанбақ болады.......

III бөлім

Өзінің жауға аттанбақ тілегін биге айтады.Би оған қиын да қатыгез талап қояды.Би батырға Іледен өтсе, тілегі орындалатынын айтады. Бидің шартын орындап, Ілені кесіп өтеді. Халықтың ықыласына бөленіп, артына қол жинап, жауға шабады. Поэманың басты идеямсы Райымбек батырды жырлау.Бұл поэмадан не түйдім? Мен Райымбек батырдың батырлығын, ержүректігін аңғардым. 

Мен поэмаларды оқи отырып ұлы ақындарымыздың біздің өмір сүріп жатқан заманымызды болжап, жырмен жырлағаның аңғардым. 



Оқырман сізге сауал:
1) Сіз Аристотельдің орнында болсаңыз оған қандай кеңес берер едіңіз?
2)Сіз қай түсті жемісті таңдайсыз?
3) Егер сіз Ноянның орнында болсаңыз ғашығыңыз үшін еліңізді сатып кетер ме едіңіз?
4) Ананың санасын адастырған Тәуіп шалдай кейіпкерді өмірден көріп жүрсіз бе?
5) Райымбектей білімді әрі батыр жігіттер қазіргі таңда бар ма?

P.s. Тапсырманы толық орындадым, сіздің көңіліңізден шықты деп ойлаймын. Сізгеде осы поэмаларды оқуға кеңес беремін! Барлық қатысушыға сәттілік!

 
   


Бөлісу: