Ең оңай инфографика
блог
Оқырман сұранысы
Бүгінде оқырман бұрынғыдай 4-5 беттік материалды оқып отыруға құлықты емес. Себебі, уақыт тапшы. Мойындайықшы, оқырманнан бұрын ақпарат беруші ретінде өзімізде қысқа және нақты ақпаратты көбірек оқимыз ғой. Оқырман сұранысын қанағаттандыру үшін не істеуге болады? Әлбетте, ақпаратты қызықты етіп беру (керек)! Мәлімет түрлі инфографикамен көмкерілсе ол қызықты. Себебі, көзбен көру арқылы ақпарат тез қабылданады.
Сурет www.indiegogo.com сайтынан алынды
Ең оңай мультимедиялық өнім
Осы ретте, бүгін мен сіздерге ең оңай мультимедиялық өнімді ұсынбақпын. Жай ғана ұсынып қана қоймаймын, сол сервистің ұңғыл-шұңғылын үйретуге тырысамын. Сонымен, ол сервис thinglink деп аталады. Қысқаша айтқанда, thinglink — белгілі бір нәрсе жайлы ақпаратты бейнелі етіп беретін және бір жерге топтастыратын сервис.
Thinglinkтің қандай артықшылықтары бар?
Thinglink қолданушы үшін қарапайым әрі керемет мультимедиялық мүмкіндіктерге ие. Сервис бір ғана суреттен толыққанды ақпарат ұсынады. Оқырман үшін оқуға/көруге өте ыңғайлы. Ең бастысы, информацияны қызықты етіп беруге мүмкіндік береді. Мысалы, төмендегі материалдан елімізде қанша стадион бар, олар қай жерде орналасқан, қашан ашылған, онда қандай клубтар ойнаған т.б. сияқты сұрақтарға толыққанды жауа алуға болады. Көлдей материал оқып отырғаннан гөрі, осындай мультимедиялық өнім оқырман үшін қызықты пайдалы. Солай ғой?)
Толығырақ мұнда: www.thinglink.com/scene/388626275775807488
Ал, мына жерде Қазақстандағы жасалғансәтсіз жобалар жайында жазылыпты.
Толығырақ: www.thinglink.com/scene/40820839084248269
Тhinglink сервисімен жұмыс істеу жолдары:)
Сіздің де осындай керемет сервисті қолданғыңыз келген болар? Ол үшін не істеу керек? Төмендегі нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Ендеше, кеттік! Ең бірінші, www.thinglink.com сайтына тіркеліңіз (керек)! Сервисті тек тіркелген қолданушыларға ғана пайдалана алады. Сайтқа бірден тіркелуге болады немесе фейзбук, твиттер аккаунты арқылы да ене аласыз.
Бұл менің сайттағы профилім:) Сіз тіркелдіңіз бе?)
Ескерте кетейін, сайт ағылшын тілінде. Сондықтан, әрбір батырманың функциясын түсініп алыңыз қажет болады. Олар қиын емес:) Жұмысты бастау үшін «Create». батырмасын басасыз.
Сізге қажетті суретті алдын ала көшіріп жұмыс үстеліне көшіріп қойып, жүктей аласыз. Сонымен қатар, Facebook немесе Flickr сайттарындағы фотоальбомыңыздағы кез келген суретті алуыңызға мүмкіндік бар.
Тіпті, қажетті суретті бірден интернеттен де алуға болады:))
Ең бірінші постты эксперимент ретінде кез келген суреттен бастауға болады немесе мен сияқты қатысқан шараңызды көркемдеуіңізге болады. Мысалы, мен Астанада өткен «Интернеттегі құқықтық мәдениет» атты екі күндік тренингті таңдадым. Ол үшін қатысушылардың әрқайсысының фейзбук, твиттердегі аккаунттарын сілтемесі мен тренинг жайында жазған барша ақпарат көздерін орналастырдым.
Толығырақ мына жерден көруге болады:
www.thinglink.com/scene/497121796030464000
Материал дайын. Енді, мұны әлеуметтік желілер арқылы қалай тарата аламын? Сізге share батырмасы көмекке келеді:)
Мысалы, мұнда мен твиттердегі аккаунтыма бөлістім:))
P.S. Құрметті оқырман, құттықтаймын, СІЗ thinglink сервисінде жұмыс істеуді үйрендіңіз! Іске сәт! Сұрақтарыңыз болса, жауап беруге әрқашан дайынмын ^_^ tendensia91@gmail.com почтасына сұрақтарыңызды жолдасаңыз болады:)
Сізге деген құрметпен: НАЗИРА БУРХАНОВА estetika9.blogspot.com/