"Екі жолбарыс, бір аңшы. Бір жолбарыс, бір аңшы. Бір жолбарыс". (Не бары он сөзден құралған.Индия. "Нокат". "Точка" деген әңгіме жинағынан)
Байқасаңыз, он сөздің ішінен "бір" деген сөз төрт рет қайталанады-"жолбарыс деген сөз үш рет, "аңшы" деген сөз екі рет. "Екі" деген сөз бір рет. Он сөз. Сонда әңгімеге пайдаланылған сөздер төртеу ғана:бір, екі, жолбарыс, аңшы.
Ғабит Мүсіреповтің "қойын дәптерінен"
P.S. Иә ,байқасаңыз бұл әңгімені бір оқығаннан түсіну оңай емес. Бұл жерде басында екі жолбарыс пен бір аңшының болғаны ,кейіннен аңшының бір жолбарысты өлтіргені, ал сосын екінші жолбарыстың аңшыны өлтіргені туралы жазылған .