Көптеген адамның түсінігінше, жұмсалатын күш пен нәтиже тура пропорционал. Сондықтан, жақсы білім мен баға алу үшін көп оқу керек, жоғары жалақы үшін көп жұмыс істеу керек деп ойлаймыз. Алайда, Ричард Кох, басқару ісі бойынша консультант және кәсіпкер, «80/20 принципі бойынша өмір сүру» атты кітабында күш пен нәтиже үйлесімді қатынаста емес екенін көрсетіп, оны тиімді және табысты болу үшін қалай қолдану керек екенін айтады.
Сонымен бұл принципті кім және қалай дәлелдеді?
Алғашқыда Вильфредо Парето Англиядағы әлеуметтік таптар арасындағы байлық бөлінісі жайлы зерттеу негізінде тамаша қорытындыға келді. Барлық байлықтың 80 пайызы тұрғындардың тек 20 пайызына ғана тиесілі және 80 пайыз тұрғынға 20 пайыз байлық тиесілі. Қазіргі таңда да көптеген іс-әрекеттер мен үдерістер 50/50 емес 80/20 қатынасы бойынша жүзеге асатының байқауға болады. Мысалы, GLM(Global Language Monitor) ұйымының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, ағылшын тілінде барлығы орташа есеппен 1 019 729 сөз бар. Бірақ, бұл тілде сөйлеп, түсініп оқу, есту және жазу үшін қолданбалы тіл маманының, Пол Нейшеннің, зерттеулері бойынша ең жиі қолданылатын 2000-3500 сөзді білген жеткілікті. Сонымен қатар, кітап, мақала немесе фильмнің 20 пайызы ғана 80 пайыз ойға әкеліп, әсер қалдырады. Фирмаға 20 пайыз тұтынушы 80 пайыз табыс береді. Сонымен, барлық 100 пайыз іс-әрекетті істеудің керегі жоқ. 80 пайыз нәтиже беретін 20 пайызға ғана шоғырлану керек.
Бұл принципті неге және қалай қолдану керек?
Біз атқарып жатқан іс-әрекеттер 50/50 қатынасында жүрмейтінін білсек, неге оны қолданбасқа? Күш пен ынтаның 20 пайызын ғана қолданып, 80 пайыз нәтижеге жету жолдарын жобалау тіптен тиімде емес пе?
Оқуда:- бүкіл параграфтың 20 пайызында негізгі 80 пайыз мәлімет жазылады. Яғни, сол бөлім негізінде ғана дәптерге қысқаша мазмұндама жазып, қайталау керек;
- тригонометриядағы барлық формулалар негізгі 20 пайыз формулалардың негізінде қалыптасады. Яғни, негізгі формулаларды түсініп, қолдана алсаңыз, оны түрлендіруге болады;
- және т.б.
Қарым-қатынаста:- 20 таныстар ғана 80 пайыз бақытты естеліктерді қалыптастырады. Сол адамдарға көп көңіл боліп, уақыт өткізу керек.
Диета мен жүдеу:- Жүдеу үшін тамақ қабылдау әдетін толықтай өзгертудің керегі жоқ. Тек, 20 пайызынан (ұннан жасалатын нан, тоқаш және қанты көп тамақтардан) бас тартсаңыз улкен нәтижені байқауға болады.
Және басқа да сіз үшін үмітті деген аспектілерде қолдануға болады. Әрине, 80/20 пайыз барлық 100 пайыз жағдайда іске асуына кепілдік бермейді(дегенмен аты айтып тұрғандай, 80/20). Бірақ, оны өз өміріңіздің 20 пайызында қолдансаңыз, 80 пайыз нәтиже аласыз деген үміттеменін.
Кітаппен таныс болған және болатын оқырмандар, бұл әдіс туралы пікірлеріңіз қандай?