Сәлем, сәлем, "Массагеттік" достарым! Қалдарыңыз жақсы ма?
Ең алдымен, барлықтарыңызға "Құрбан айт қабыл болсын!" дегім келеді. Бүгін сіздермен әрі қарай шет елге барған гастрольдік сапарлардан түскен фотосуреттеріммен және алған әсерлеріммен бөлісуді жалғастырайын.))) Кезекте - әлемдегі менің ең сүйікті қалаларымның бірі - "Жұлдызды Голливуд" (АҚШ, Лос Анджелес). "Жұлдызды" деген атына, шынымен-ақ, сай. Мұнда кино және музыка әлеміндегі атышулы әйгілі жұлдыздарды кездестіру қиынға соқпайды, тіпті кездестіріп үлгермесеңіз де, олардың сізден тым алыста емес екендігін сезінесіз. Себебі, қаланың әрбір көрнекі жері осы жұлдыздар атымен немесе олардың шығармашылығымен тікелей байланысты. Мысалы, бірде мен осы сапарымда таңертеңгісін мұхит жағалауымен серуендеп қайтайын деген оймен шыққан едім. Мұхит толқындарына қарап тұрып, терең ойға батып кеттім. Самал жел есіп, керемет сезімге бөлендім. Кенеттен Арнольд Шварцнеггер!!! велосипедімен зу етіп, алдымды кесіп өтті. Жерге қадалып қалғандай аң-таң болдым да тұрдым. Сондағы бар ойым: "Фотоаппаратымды неге алмай шыққанмын?"))). Қатты өкіндім! Сол күннен бастап фотоаппаратым қайда барсам да өзіммен бірге болды.)))
Әрине, Лос Анджелес қаласының көрнекі жерлерін бір аптада аралап өту мүмкін емес. Сондықтан да, алдымнан осы қалаға қайта бару мүмкіндігі туындаған сәтте бірден кідірмей, ойланбастан келісімімді бердім. Алғашында көріп үлгермеген жерлерді екінші мәрте барғанымда көруге тырыстым. Ұнаған жерлер өте көп. Егер де осы қалаға жолыңыз түсіп қалса, бірінші кезекте міндетті түрде мына жерлерге баруға кеңес беремін:
1) "Жұлдыздар аллеясы". Жазбаның басында айтып кеткенімдей, Лос Анджелес қаласы әлемге әйгілі жұлдыздар атымен тікелей байланысты. Сондықтан болар бұл жерде күні-түні көшелерді бойлай серуендеп жүрген миллион туристтерді көресіз.
Бір түсінбегенім, осы жұлдыздар есімдерінің "аяқ астында тапталуы" бір түрлі көрінді мен үшін?!
Аллея осы жұлдызбен басталады.
Николас Кейдж жұлдызы.
Майкл Джексон жұлдызына шоқ гүлдер қойылған.
Көше мынадай металлдан жасалған құрылыспен аяқталады.
Жұлдыздардың есімдерінен бөлек мынадай цементке өздері қалдырған қолтаңбаларын да кездестіруге болады. Уилл Смиттің қолтаңбасы мен аяқ киім іздері))).
2) "Hollywood" жазуы. Аппақ әріптерден құралған "Голливуд" жазуын қаланың көптеген жерлерінен байқауға болады. Бұл жазба Маунт Ли тауының баурайында орналасқан. Өкінішке орай, жазуды көруге барған күні ауа райы нашар болып, жақыннан көре алмадық. Дегенмен, қала ішінде жүргенде суретке түсіріп алдым.
Бұл жазуды голливудтық фильмердің көбісінен көруге болады.
Бара алмасақ та, кіре берісте туристтерге арнайы осындай стэнд орнатып қойыпты.
3) "Кодак театры". "Жұлдыздар аллеясымен" кетіп бара жатып, жолда талай керемет мұражайларды, кәдесый дүкендерін, алуан түрлі театрларды кездестіруге болады. Солардың бірі - "Кодак театры". Мұнда жыл сайын "Оскар" киноөнер Академиясының марапаттау рәсімі өтеді екен.
"Кодак театрының" алды үнемі туристтерге толып тұрады.
Ал мына адамдардың бірін кәдесый ретінде естелікке үйге алып кеттім.
4) "Мадам Тюссо мұражайы". Голливудта жұлдыздарды тек көріп қана қоймай, олармен оп-оңай суретке түсу, тіпті қолмен ұстап көру мүмкіндігі де бар))). Жұлдыздардың барлығын бір уақытта "Мадам Тюссо мұражайынан" кездестіруге болады. Барлығы балауыздан жасалғанымен, қарап тұрсаң өте шынайы көрінеді. Кейде түріне қарап тұрып сөйлеп кете ме деп шошып кетесің!)))
Кіре берісте өзінің жылы шырайымен, әдемі күлкісімен Мэрилин Монро қарсы алады.
Кэмерон Диазпен сырласып...)))
Джордж Клунимен әңгімелесе отырып...)))
Ал Джеки Чан маған өзінің соққы тәсілдерін үйретіп жатты.
"Крестный отец" фильміндегі Марлон Брандо бәрімізге өз ақылын айтты.
Бритни Спирстің "Голливудтық күлімсіреуі".
5) "Universal Pictures Studios Hollywood" тақырыптық саябағы. Бұл саябақ бұрыннан әйгілі голливудтық киностудиялардың біріне арнайы жасалған екен. Ол Голливуд маңындағы кең аумақты территорияны алып жатыр. Саябақтағы әрбір аттракцион осы "Universal Pictures" киностудиясында түсірілген белгілі бір фильммен немесе мультфильммен байланысты.
"Universal Pictures Studios Hollywood"
"Парк Юрского периода" аттракционында өзіңді динозаврлар әлеміндегідей сезінесің. Қалың джунглидің ішінде болып қана қоймай, үрейіңді туғызатын талай динозаврлардан қашасың, тіпті аттракцион соңында келе жатқан вагоныңмен бірге тиранозавр жұтып та қояды.
"Муммия" фильміне арналған аттракционында өзіңді Мысыр елінде жүргендей сезініп қана қоймай, Имхотептің қарғыс сөздерінен қашып құтылуың керек. Үстіңе фильмдегі қоңыздардың көптеп шығуы жаман денеңді түршіктіріп жібереді. Аааа!!!
Аттракционнан кейінгі адреналин басылмады.
Бұдан бөлек, киноларына арнайы эффекттердің қалай жасалатыдығын өз көзіңізбен көруге де болады. Мысалы, мына суретте тура алдыңызда кинодан бір үзінді көрсетеді, шынайы түрде.
Жер сілкінгенде метроның ішінде отырасыз...
"Челюсти" фильміндегі акуламен айқасқа түсесіз.
Су тасқынының ортасында боласыз...
Және т.б. көптеген фильмдер түсірілімінің қай жерде өткендігін өз көзіңізбен көруге болады. Солардың ішінде: "Война миров", "Отчаянные домохозяйки", "Пила", т.б.
6) "Disney Land" тақырыптық саябағы. "Юниверсал Пикчерз" саябағынан кейін "Диснейлендке" барсаңыз ертегілер әлеміне, балалық шаққа саяхат жасағандай боласыз. Өз басым бұл саябақтан тым қатты әсер ала қоймадым. Бірақ әркімнің өз талғамы бар дегендей...
Уолт Дисней мен Микки Маус мүсіндері
Диснейлэнд
Ертегідегі ханшайым сарайына жол тарттық))).
Жазбамның соңында назарларыңызға серуендеп жүрген кезімізде түскен бірнеше суреттерімді ұсынамын.
Бас киімдер дүкенінде
Саябақтардан кейін тамсанып отырмын. Фильмнен алынған кадр сияқты)))
Санта Моника жағажайында. Артымызда Тынық мұхиты.