Ең алғашқы сенімді әуе поштасы

Ең алғашқы сенімді әуе поштасы
жеке
блог

Өзіміз күнделікті өмірде көп көретін көк көгершінге, күнделікті өмірде аса назар аудара бермейміз. Аспанда қалықтай қанат қағып, топтаса ұшқан көгершіндердің XX ғасырға дейін таптырмас тасымалдаушы жұмысын атқарғанын сіз білесіз бе?

Расыменде, алғашқы ұшақ шыққанша,көгершіндер адамдардың әуедегі жылдам,әрі сенімді серігі болып табылған.Ғалымдардың айтуы бойынша адамдар мен көгершіндер арасындағы мұндай қарым-қатынас 5-10 мың жыл бұрын басталған екен.Көгершін адамдар қолға үйреткен алғашқы құстардың бірі. Дәл көгершіннің бұл салада таңдалып алынуы да бекер емес.”Көгершіннің бойында өзге құстарға дарымаған ерекше қабілет бар”-дейді зерттеуші ғалымдар. Ол көгершіннің әуе кеңістігіндегі жылдамдығы мен оның бойындағы өз мекеніне қайтып оралу қабілеті. Көгершіннің өзге құстардан артықшылығы,оның бойындағы ұяшылдық түйсігі екен.Яғни, белгілі бір орыннан ұшырылыған құс қайда бару керектігін өзі айқын анықтап, ұшқан орнына жаңылмай қайта келе алады.Көк көгершіннің бойындағы бұл қасиет, тылсым дүние болып көрінеді десек те артық айтқанымыз емес. Себебі бүгінгі күннің өзінде, зоологтар бұл құстың бойындағы навигациялық жүйе қалай жұмыс істейтінін толық қанды түсіне алмай келеді.

Көгершіннің бойындағы ерекше навигациялық қабілет соғыс кезінде де  ерекше рөл атқарып,септігін тигізгені жайлы америкалық деректерде кеңінен айтылады.Оған мысал Шер Ами атты соғыс көгершіні.Бұл көгершін соғыс кезіндегі хабарламаларды жеткізу барысында көптеген жарақатқа ұшыраған.Алайда тарихта  «Батальонды құтқарған көгершін» атымен сақталған екен. Дәл осы секілді соғыс кезінде және әскери қызметтерде, көгершіндерді көбіне барлау ісіне пайдаланған. Тіпті қажет болған жағдайда сарбаздардың құсты өзімен алып жүретін кезіде болған деседі.Өзіміз күнделікті өмірде көріп жүрген көк көгершіндер, осындай ерекше қабілетке ие екен.