Емтихан кезінде қиналып қалмау үшін...
блог
Қайырлы күн құрметті оқырмандар!Алдыңғы күндері сабақ оқуды қалай сүйікті іске айналдыру туралы талқылаған болатынмын.Ал бүгінгі тақырып сол сабақ оқуды сүйікті іске айналдыра отырып, емтиханнан қиналмау өту жайлы кішігірім ойыммен бөліспек ниетім бар.
Ендеше алғашқыларынан бастайтын болсақ;
1.Әрбір сұраққа мұқият жауап беруге тырысыңыз,өйткені дәл сондай сұрақ сынақта алдыңыздан шығуы әбден мүмкін.Жауап бере алмаған немесе қате жауап берген сұрағыңыздың дұрыс жауабын іздеп табыңыз.Күнде белгілі бір мөлшерде сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз.Сұрақтарға жауап беруге өз-өзіңізді дағдыландырыңыз.
2.Сұрақта берілген мәліметті,тапсырмасын түсінбей жатып жауап көрсетілген варианттарды көруге асықпаңыз.Бұл ас мәзіріне немесе тауарды бағасына қарамай тапсырыс берумен тең.Алдымен сізден не сұрап тұрғанын анықтап алыңыз.Бұл сіздің сұраққа аз уақытта әрі дұрыс жауап беруіңізге көмектеседі.
3.Барлық бес жауапты оқып шықпай тұрып,өзіңіз білген жауапты белгілемеңіз,өйткені кейбір сұрақтар нақты жауапты талап етіп жатады.
4.Қателескен сұрақтарыңызға қарап,үмітсіз болмаңыз,уайымдамаңыз,өйткені әрбір қате сұрақтың дұрыс жауабын үйренсеңіз,сол-сіз үшін үлкен олжа.
5.Жауабын таба алмаған сұрақтарыңызды ойлап абыржымаңыз.Кез келген оқушының жауап бере алмайтын сұрақтары болады.
6.Мәтін-сұрақтарды көріп,"ұзын сұрақ қиын" деп ойлап,оқымай тастап кетпеңіз.
7.Ұзын мәтінді сұрақтардың жауабы көбіне сол мәтіннің ішінде жасырын тұрады.
8.Тестілеуді дұрыс жауапты тезірек тапқыңыз келсе қате деп тапқан жауаптарды сызып тастап,қалған жауаптарына ғана үңіліңіз.
Міне,осындай түсініктерді пайдалана отырып сіз емтихан кезінде айтарлықтай нәтиже көрсетерсіз деген үміттемін!
(Жалғасы бар)