Емтихан кезеңінде тағамды қабылдау әдетіне неге көңіл бөлу керек?

Емтихан кезеңінде тағамды қабылдау әдетіне неге көңіл бөлу керек?
жеке
блог

Сессияға дейін санаулы күндер келе жатқан кезде студенттердің көпшілігі жоғары балл алу үшін оқып тырысуда. Өзім студент болғаннан кейін, ұйқысыз түндер, көз астындағы шаршаған қара шеңберлер кезеңі келе жатқаның түсінем. Алайда, оқуға жұмсалған күш елеусіз сыртқы факторлар үшін босқа кетіп, емтихан уақытында жұмысты сәтті жаза алмауға алып келуі мүмкін. Бүгінгі мақаламда сол факторлардың біріне, тағамға, көңіл бөлдім.

Әуелі бәрімізге мәлім мәліметтен бастайын. Қаншалықты сессия үшін уайымдасаңыз да тамақ ішу керек. Себебі, ми энергияны қажет етеді. Сонымен қатар, емтихан уақытында назарыңыз аш қарында емес, емтиханда болуы керек.

Тура емтихан күнінде тауық етін жемеуге тырысыңыздар. Себебі, онда триптофан атты амино қышқыл бар және ол мелатонин гармондарының бөледі. Ал мелатонин өз кезегінде «ұйқы гармоны», яғни ұйқылы күйде болуыңызға себеп болады деп хабарлайды psi-doctor.ru сайты.

Серотонин нейромедиатрдың қалыптастыратын баяу сіңірілетін көмірсулары бар тағамдарды емтиханға дайындық кезеңінде жеу керек деген тұжырымға биология пәнінен өткен біліммен келдім. Өйткені, серотонин «бақыт гармоны», яғни бақылауларға уайымсыз еркін дойындалуыңызға септігі тиеді(жеміс-жидектер құрамында көмірсудың бұл түрін табуға болды).

Тұз үлесі жоғары тағамдарды мүлдем жеуге болмайды(чипсы, tuc, әртүрлі соустар мен fast food). Dante Pazzanese зерттеу институты тұзы жоғары тамақтар қан қысымды жоғарылататының, ал қысым адамды депрессия мен агрессияға алып келетіні жайлы қорытынды жасады. Ал емтихан кезінде ешбіреуіміз моральды түрде шаршағымыз келмейді ғой?

Түні бойы ұйқысыз сабақ қараймын деп энергетикалық сусындарды ішемін деп асықпаңыз. Бастапқыда болатын уақытша ширақтық  бас ауруымен және қан қысымының жоғарылауымен аяқталады. Оның орнына жасыл шайды қайнатып ішіңіз, себебі онда кофеин мөлшері кофеден де көп деген жаңалықты tea4you.ru сайтынан аштым. Бірақ та кофеин мөлшері тым көп болып кеткен жағдайда кері қайтарым заңы орнайды, яки пайдадан гөрі залалын көре бастайсыз.

Энергетикалық сусындардың зардаптарын қанты көп тағамдарды жегеннен кейін де байқауға болады. Сондықтан, уақытша қант көп тәтті тағамдарды, сусындарды азық мөлшерінен алып тасаған жөн. Оның орнына какао құрамы жоғары шоколадты жеген жақсырақ.

Құрметті оқырмандар, «ас адамның қуаты» демекші, дұрыс тамақтанып жүріңіздер! Бұл мақала сіздерге септігін тигізеді деген үміттемін. Емтихандарыңызға сәттілік!