Эмоцияға толы күн немесе асүйдегі эксперименттер...
блог
Көп эмоция басып кеткенде тамақ жасау бұрынғы әдетім. Егер мен ас үйде жүрсем, онда оған екі себеп бар: бірі - мамамыз ауырып қалды, екіншісі - өзім ауырып қалдым, эмоциональді дертке ұшырадым деген сөз. Ал ол деген, кешкі асқа бір ерекше тағам жасалады)))
Сонымен, бүгінгі кешкі асқа эксперимент ретінде дайындалған тағам: Бал татитын тауық еті.
Керек:
- тауық еті, көкөністер, бал, дәмдеуіштер.
Үйде бар барлық көкөністерді жуып, ірілей турап, қызып тұрған майда ең ұзақ пісетінінен бастап қуырамыз. Менде сәбіз, баклажан, қырыққабат, пияз, қызанақ ғана болды. Алдымен сәбізді, сосын оған пияз бен шағын бөлшектерге туралған тауық етін салып, жақсылап қуырып алу керек.
Ет пен көкөністер жартылай дайын болғанша, келесі салатты жасадым. Арзанның сорпасы татымас дейді бізде, бірақ мына салат арзан және ерекше дәмді:
Керек: қияр, соя тұздығы, өсімдік май ( зәйтүн немесе басқа жаңғақ майы керек), тұз, қант, сірке суы (уксус), кептірілген ас көк және кунжут немесе өзге де жаңғақ (үгітілген болу керек).
Қиярды картоп тазалайтын пышақпен ұзынша келген таспа секілді (ленточка) қып тураймыз. Аздап тұздап қоямыз да, соус жасауға кірісеміз: бір ас қасық соя тұздығы, 4 ас қасық май ( мен орман жаңғағы майын қолдандым), жарты шәй қасық уксус, бір шәй қасық қант және талғамыңыз қалаған кез келген кептірілген ас көк түрлері ( мен кептірілген укроп пен базилик, тмин дәнектерін қолдандым).
Қиярды дайын болған соуспен араластырып, мұздатқышқа қоямыз. Салат дайын))))
Тауық толығымен пісуге сәл қалғанда қырықжапырақ, қызанақ, баклажанды саламыз да, тағы қақпағын жауып, баяу отта пісіреміз. Көкөністер піскен кезде екі ас қасық бал, куркума, қызыл және қара бұрыш, тұз, базилик, соя тұздығын (1 ас қасық) қосып, араластырамыз да, қақпағын жауып қоямыз.
Гарнир ретінде күріш жақсы. Таза, қоспасыз, шамалы тұздалған суда пісірілген күріш. + қаймақ немесе қатық.
Астарыңыз дәмді болсын, массагет гурмандары))))
З.Ы. негізі мына тағамды жасау үшін вок керек, бірақ ескі қазан да жарайды екен))))