Эмоция басқару

Эмоция басқару
жеке
блог

Кез келген мәселені шешу оны ұғып,  қабылдаудан басталада. Ішіміздегі астаң-кестең болып жатырған эмоциялар үшін өзгелерді кінәлауға болмайды. Айналадағының бәрі-жұмыс, қарым-қатынас, адамдар секілді сырттан әсер етушілерді алмастыра алмаймыз. Қолымыздан келетіні оларға деген қарым-қатынасты сәл өзгерту.

Біздің табиғатымыз сондай, кептелісте тұрғанда ашуланамыз, біреу дауыс көтерсе ызаланамыз, осылайша өз әркетімізбен эмоциямызға ие бола алмай өмірдегі оқиғалардың ойыншығына айналамыз. Сондақтан өзіміздегі жаман ой, жағымсыз әдеттермен қымтамай эмоцияға берілмеуге тырысып, олардың сізді билеп алуына жол бермеу керек.

Есте болатын жайт, Алла Тағаладан өзге ешқандай мақұлық біздің жан дүниемізді біле алмайды, өйткені жүректерді өзгертуші Алла ғана. Бойымызды қандай сезім мен әсер билемесін, жан дүниемізді жарқын әрі жақсы сезімдерге толтыруға, Аллаға деген сүйіспеншідік пен құрметке толтыруға талпынуымыз қажет.

Бойымыздағы жағымсыз эмоцияларды құлшылықпен және Алланы еске алумен жоқ етуге асығуға тиіспіз. Егер сізді ренжітсе, ашуландырса, сәл дем алып, орын алған жағдайға жеңіл қарасаныз да Аллаға тәуекел етіңіз. Осы әрекет эмоцияға салынып, оның соңында кетуге жақсы көмек береді.