Эмоция

Эмоция
жеке
блог

Өте эмоцианалды адамдар қатарына жатам.

Шын, кейде шектен шығып эмоцияға беріліп кететін кездерім болады оған шыдамсыздығымды қоссаңыз мүлдем дайын бомбамын десем болады. "Сабыр" деген кісі мен ашуланып тұрған кезде мен жаққа мүлдем бұрылыпта қарамайды. 

Бір нәрсе істесем жанымды беріп істеймін, егер сол ісіме біреу қиянат жасаса жаным шығып кете жайздайды. 29 келсем де әлі күнге эмоциямды басқаруды үйрене алмай-ақ қойдым. Себебі, ол - мінез. Ал мінезді тәрбиелеу өте қиын... Жарайды, оны реттеуге жұмысты аз жасаймын.... 

Ең жек көретін нәрсем - сатқындық пен жағымпаздық. Талай сатқындықты көрдім, әлі де көретініме сенімдімін. Бірақ, жігіттерге қарағанда қыздар көп сатқындық жасапты. Бүгінде құрбым деген қыздан сатқындық көрдім. Айтпақшы, жұмыстағы достық ұзақ еместігіне тағы көзім жетті. Мүмкін, адамдардан көп нәрсе күткендік болар. Айтарым, сіздікі дұрыс деген сайын қарсылық таныта бермеңіз, ол адам сізді жәй ғана пайдалануы мүмкін. Солай... Үлкендер сондай қатыгез... Жұмыста сізге ешкім дос емес! (өзім үшін астын сызып қоям) Егер өңкей орыстар ішінде істеп, бір қазақ келсе қуанбаңыз, ол сізді бір-ақ сәтте сатып кетеді. 

Бастыққа шәй құйып беріп, қантына шейін сап беріп күнделікті қалін сұрап, мадақтап отыратын адамдар қатарынан емеспін, ондайларды ұнатпаймын. Бірақ, солардың сенің жолыңды кесіп өтететіні өкінішті. Себебі адамдарға соны қабылдау ұнайды. 

Бір нәрсеге көңіліңіз толмай ма? Ішіңізде сөндіріңіз... Қолыңыздан келсе... Көп үндемей жүргеннің ақыры жаман, бәрі үшін басында періштесің... Мінезіңді көрген кезде баяғыдан жиған абыройың бір күнде төгіледі.... 

Айтпақшы, бұл жазба эмоциямен жазылды. Мүмкін сабырға келгесін өшіріліп кетер.