Ем бар ма?

Ем барма?

Шыныменде, обырдың емі жоқ екенін және де әлемде өлімнің негізгі себептерінің біріп болып табылғанын жай ғана елестетудің өзі шошындырады. Расында, медицина түрлі аурулар қатарымен де дамып келе жатыр. Соңғы онжылдықта радиотерапия мен химиотреапия тәсілдері табылсада, олар көп үміт күтерлік емес. Алайда, обыр емдеуде болашағы бар тәсілінің бірі ол нанотехнология болып есептеледі. Менің осы салада келешекте дәрігер ретінде мүдделімін, себебі осы тәсіл тек қана обыр емес, басқада едәуір аурулардың емдеу тәсілі.

Нанотехнология туралы ғажайып факт - ол метрдың миллиардыншы бөлігін (нанометр) алатын бөлшектермен жұмыс істейді. Сондықтан осы кішкентай құрылыстар обырды клеткалық деңгейде емдеуіне қисыны бар, себебі обыр генетикалық ауру.

Обыр өзі - клеткалардың бақылаусыз бөлінуі, және де осы клеткалар жиналып обыр клеткалардың байламы добықты құрады. Осы клеткалар бүкіл дене бойынша тарағаны, ол метастаза процессі. Обырдың дененің әр бөлігін жаралайтын бірталай түрі бар, сондықтан әрбірін өз бетінше түрлі тәсілмен емдеуі қажет. Нанобөлшектірдің екі түрі болады: біріншісі ол жоюға арналған, екіншісі диагностикаға арналған. Бірінші түрлі нанобөлшектер обыр клетканың мембранасындағы рецепторларды анықтап бекітіледі, және оның мембранасын жойып ДНК-сын жаралайды. Екінші түрі дәл біріншідегі механизммен жұмыс істейді, тек қана нанобөлшектер флуоресцентті бояғышпен боялынады, сондықтан олар дененің жараланған аймақты мониторға  шығарады.

Мен айтқанымдай, радиотерапия мен химиотерапия көп уміт күтерлік емес, себебі осы тәсілдердің жою қабілеті өте әсерлі болғаныменде, зор клеткаларға әсері бар. Радио сәуле мен дәрілер тек қана обыр клеткаларын емес, айналасындағы зор клеткалардыда жояды. Оның үстіне осы тәсілдердің жанама әсері керемет емес - лақсу, құсу, қажу және де шаш жоғалту.

Менің ойымша, радиотерапия мен химиотерапияның жою қабілетін нанотехнологияның бағыттау қабілетімен біріктірсе обырдың амалы қалмайды.

Соңында, обырдың қазір толық емі жоқ, алайда нанотехнологияның болашақтағы потенциалымен обырдан қорықпауға болады.


 



Бөлісу: