Елінің мақтанышы-Абылай
блог
«Ешкім батыр болып тумайды.
Батырлық та мінез секілді өскен орта,
көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады»-деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай ұстаздары мен ата-анасы берген қасиетті тәрбиеннің арқасында, қазіргі күнде елін, жерін қорғаймын деп қатаң тәртіпке мойын ұсынып, халқының тыныштығы үшін тер төгіп жүрген адамдар жетерлік. Міне, дәл осы адамдар-қазіргі таңның батырлары. Солардың арасында мен білетін өр мінезді, қайсар, алдына мақсат қоя білетін жан бар. Солтүстік Қазақстан Облысы, Петропавл қаласының Әскери Институтының 3-курсында білім алып жүрген Абылайхан Өмірзақұлы жастайынан спортпен айналысып салауат өмірді ұстанған жастардың бірі. Спорттың күрес саласында жүріп біршама жетістіктерге жетіп, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанған. Қашанда достарының алды болып, сабақтада үлгілі оқушыда болған деседі мұғалімдері.Айналамызда жиырмадан асса да кім боларын, не боларын білмей, қандай мамандықтың жалына жармасып, қандай саламен кетерін білмей жүргендер де баршылық. Бірақ Абылайхан бала кезден-ақ ел қорғаны "Генерал" болымын деп мақсат тұтқан жандардың бірі. Жаста болса жанын елі үшін пида етуге дайын тұратын міне, осындай жастарды көргенде бойыңды сөзсіз мақтаныш кернейді. Абылайдай ағаларымыз көп болса еліміз тыныш, шаңырағымыз биік болады.