Елін сүйген - Елбасы
блог
Тәуелсіздік таңы атты, дербес халық атандық,
Кештік талай азапты, айтсаң жанға батарлық.
Орындалды бар аманат ата-бабам аңсаған,
Алашымды мақтан етіп, бар әлемге жар салам.
Мемлекет боп қалыптастық, керек болды бір басшы,
Мың тоғыз жүз тоқсан бірде сайлау болды алғашқы,
Сол сайлауда басым болды Елбасымыз бүгінгі,
Соңындағы жас ұрпаққа Нұр ағамыз боп үлгі.
Тез дамыдық, басқалармен тереземіз тең болды,
Шекарамыз бекітіліп, жеріміз де кең болды,
Нұр ағамыз – көшбасшымыз, халқы ерген соңынан,
Қызмет қылар ол халқына келгенінше қолынан.
Үшқоңырдың баурайында – кіндік қаны тамған жер,
Туылыпты қазағымның маңдайына біткен ер.
Көз көрместей қараңғыда шырақ болған еліне,
Алашымның алғысы көп Нұрсұлтандай еріне.
Әсем қылды Астананы, оңтүстіктен ауысқан,
Тату болды шет елдермен, аулақ болып ұрыстан.
Нұрлы ақылмен қарекет қып, алға бастап өз елін,
Елге деген жанқиярлық – жарып шыққан өзегін!
Өзі емес, өзге үшін жанталасып, шарқ ұрған,
Қазақ елі даму үшін саясатын дәл құрған.
«Елім деген» – есіл ерім, Алашымының арланы,
Сен секілді басшы еді ғой – күллі қазақ арманы.
Мың алғысқа лайық болып, аман болып жүргейсің,
Өз халқыңның құрметтісі екеніңді білгейсің.
Қос дүние жақсылығы нәсіп болсын, Елбасы,
Өзіңсің ғой нар қазақтың таудай ұлы тұлғасы!