"Еліміздің болашығы өсіп келе жатқан жастардың қолында"

Жиырма сегізінші қараша күні Жастар жылы қарсаңында және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында киелі қара шаңырағымызда «Мен жастарға сенемін!» атты VI республикалық студенттік патриоттық жастар форумы өтті. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылатын форум алты жыл ішінде еліміздің барлық жастары үшін маңызды шығармашылық алаңға айналды. Бұл форумға алғаш рет қатыстым, бірақ алған әсерімді жеткізіп айту қолымнан келмесі аңық. Соңшалықты патриоттық рухқа толы, шынайы азаматтылыққа тәрбиелейтін жастар үшін қайталанбас тәрбие кеші. Елбасымыз айтқандай: «Еліміздің болашығы өсіп келе жатқан жастардың қолында!». Расында да солай. Қазіргі техника күн санап дамып келе жатқан, модернизация замаңында жастардың да замаң ағымыннан күдер қалмай нық қадам басу қажеттілігі туындайды. Жалпы бүгінгі жастарға қарасам, бәрі де оқымысты, көптеген тілдерді меңгерген, шетел білімін алған, бірақ бір өкініштісі – қазақы болмысымызды жоғалтып бара жатқандаймыз. Зейнеп Ахметова апамыз айтқандай, ұлттық мұра, ұлттық дүние әрқашанда жоғары сатыда тұрулары қажет. Сенің қаншама тіл білгенінде, басқа мәдениетке електегенінде не пайда, өз болмысынды жоғалтып, түпкі тамырыннан ажырасан? Келбетін қазақ бола тұра, өз тіліннен, өз салт-дәстүріннен бейхабар болсан.

Шынтуайтында, қазақ болып туылғаныма шүкіршілік етемін, бейбіт, киелі мекен – Қазақ жерінде дүниеге келгенім үшін де мың ризашылық. Қазағымның қаншама батыр, ңағыз ержүрек азаматтар мен азаматшыларымыз, сиясы кеппеген, шешен тұлғаларымыз, ақын-жазушыларымыз, дана ойшылдарымыз туып, өскен мекен.

Қазағымның берген тәрбиесі мен тәлімі ерекше, салт-дәстүрлері тіптен өзгеше. Жастардың білімді болулары менен қатар ұлттық санасы жоғары деңгейде болулары қажет. Ел үшін жаңы ашыйтын, Отаны үшін жүрегі елжірейтін адам ешқашан да жаман болмасы аңық. Туған жерге деген сүйіспеншілік ананың сүтімен, әкенің қанымен адам бойына тарайтын керемет сезім, қайталанбас нұрлы шуақ. Еліміздің болашағы жастардың қолында, сол үлкен міндетті абыроймен қолда ұстасақ, нұр үстіне нұр болатын еді. Ата-бабаларымыздың қан мен терің төгіп, бізге жеткізген киелі мұраны қадірлеп, сақтай білуіміз қажет. Осы киелі миссияны барынша орындауға шыңайы атсалысамын Алла бұйырса. Көптеген мүмкіндіктер мекені – қара шаңырағым әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне түскеніме шүкіршілік етемін. Бұл мекен менің бәсекеге қабілетті болатындай білім алуыма, ұлы, дана ұстаздарымнан керемет үлгі-насихат алуыма мүмкіндік берер орта. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты... Мен жастарға сенемін!» деген Мағжан Жұмабаев атамыздың бізге айтқан мынадай өсиетін жерге тастамай, абыроймен алып жүруіміз біздің міңдетіміз.

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының

оқытушысы Шәріпқазы Нұртәліп

4 курс студенті Мурзатаева Роза



Бөлісу: