Еліміздің азаматтары қайда барып демалуға құмар?

Еліміздің азаматтары қайда барып демалуға құмар?
жеке
блог

Елімізде жазда барып демалатын орындар Құдайға шүкір жетерлік. Алайда, қалтаңда ақша болып жатса, әлем аралағанға не жетсін. Қазақ айтпайма "Жаман жегенін, жақсы көргенін айтады" деп. Міне, осылайша ел көруге құмар ел азаматтары қай жерлерге барып демалғанды жақсы көреді екен деген сауал туындайды. Ал, ендеше жауапты бірге білейік.

5-ші кезекте аңыздарға толы Грекия жері.

                                                                    Грекия

Грекия — Еуропа оңтүстігінде, Балкан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Жер аумағы — 132,0 мың км². Астанасы — Афина қаласы.

                                                                    Гр

4-ші орында Болгария.

                                                              Болгария

Болгария – Балқан түбегінің шығыс бөлігіндегі мемлекет. Жері 110 мың км². Астанасы – София қаласы. 

                                               Бо

3-ші қаны қызу халық өкілдері орналасқан Испания елі.

                                                                Испания 

Испания  – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км2.. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Астанасы – Мадрид қаласы.

                                           Испан елі

2-ші кезекте Тайланд елі.

                                                          Тайланд

Тайланд — Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекет. Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджажәне Лаоспен, батысында Мьянмамен шекараласқан. Тайланд – жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтердің әйгілі демалыс орны.Тайланд Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемкеттерінің бірі ретінде әйгілі. Тауар мен қызметтің төмен бағасымен үйлескен жоғары экономикалық деңгей. Мұнда тамаша курорттар, қонақ үйлер, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады. Астанасы Бангкок.

                                             Та

Ал көштің басын - еліміздің телевизиясын жаулап алған - Түркия елі бастап тұр.

                                       Түркия

Түркия Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азияда, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Астанасы - Анкара.

                                         Ту

Осылайша жауапты бірге білдік. Бұйыртса сіз де, біз де осы аймақтардың біріне барып демалып қайтармыз)))