Еліміздегі ең ауқымды жоба "Elbasy Medali"
блог
Қазіргі кезде «Жастар кітап оқымайды;ұлттық дәстүрлерімізден бейхабар;телефоннан шықпайды» деген сөздерді үлкендер тарапынан жиі естіп жатамыз.Бұрындары мен де дәл осылай ойлаушы едім.Алайда,аталмыш жобаға қатысқаннан кейін менің ойым түбегейлі өзгерді.Себебі,«Елбасы Медалі» жобасы талапты жастарды жеті бағыт бойынша шыңдайды.Атап айтқанда “Спорт және дене шынықтыру“,“Дарын мен дағды“,“Кітап оқу“,“Ұлттық мұра“,“Волонтерлік іс“,“Туристік жорықтар“,“Еңбек тәжірибесі“.Жобаға келгеннен кейін көптеген талантты,көздерінде от ойнаған,болашаққа сенімі мол жандармен жолықтым.Кітап оқу бағыты бойынша қазір біз қазақ әдебиетімен қатар әлем әдебиетімен толық танысудамыз.Өз таңдауымызға қарай кітап таңдап,бір ай көлемінде оқып бітіреміз.Одан бөлек ұлттық дәстүрлерімізбен танысып,зерттеу жасаймыз.Өзіміздің мықты тұстарымызды танып,спортпен айналысып,салауатты өмір салтын қолдаймыз.Жаңа аспапты үйрену үшін де арнайы видеосабақтары бар.Бұл жоба біз үшін үлкен мүмкіндік.Қарап отырсақ,бізге белгілі мақсат қойып,өзімізді басқару қиындап барады,өйткені телефон,әлеуметтік желілер санамызды жалқаулыққа,өзгенің өмірін бақылап өз өмірімізді жоғалтып алуға алып келуде.Міне осы сынды мәселелердің шешімі осы жоба арқылы табылып отыр.Жасы 14-29 жасы аралығындағы әрбір қазақстандық өз беймділігін арттыра алады.Жоба шыдамдылықты талап етеді.Себебі,жүлдеге қол жеткізу үшін тапсырмаларды уақыты орындап отыру қажет,яғни қажырлы еңбек - нәтижеге жеткізер жалғыз формула.
Жобаға барлық ауыл,қала жастары қатыса алады.Тұрғылықты жерлеріңізге байланысты арнайы жетекшілер тағайындалады.Жоба барысында қатысушыларға түрлі жанрдағы кітаптар сыйға беріледі.Одан бөлек өзіндік дамуға арналған түрлі ақылы курстарды тегін береді.Әр курстан арнайы сертификаттар алып,сол бойынша жұмыс жасауыңызға болады.Қатысушылар таңдауларына қарай медальдар алатын болады.Қола медаль-6 ай,күміс медаль-12 ай,алтын медаль-18 айды қажет етеді.Сол аралықта командамен туристік жорықтар,мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.Биыл пандемияға байланысты жоба тек онлайн түрде орын алып жатыр.Алдағы уақытты пандемия аяқталған соң жоба дәстүрлі түрде жалғасатын болады.Қатысушылар мемлекеттік грант үшін конкурс ойнатылғанда басымдыққа ие болады.Алдағы уақытта жұмысқа орналасу кезінде де өз септігін тигізетін болады.Бастапқыда көп қатысушы болды,алайда уақыт өте келе іріктеліп,нағыз еңбекқорлары өз жұмысын жалғастырды.Жоба мені жауапкершілікке,шыдамдылыққа тәрбиеледі.
«Елбасы Медалі» жобасы - жаңа білім алу үшін барлық шекаралар мен кедергілерді жоятын Қазақстандағы алғашқы бағдарлама. Барша оқырмандарды аталмыш жобаға қатысуға шақырамын!Сіз де өз болашағыңызға инвестиция құйыңыз!
Жобаға қатысуға өтінім беру үшін @fnn.kz