Еліміздегі бір топ магистрлер мен студенттер  Нью-Йоркке аттанды

Тұрақты даму саласы (MDP) бойынша білім алып жатқан бір топ магистрлер және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер орталығының студенттері Қазақстан Президентінің тарихи сөз сөйлеуіне куәгер болу үшін Нью-Йоркке шақырылды, деп хабарлайды Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Студенттік баспасөз орталығы.

Aйта кетейік, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып, алғаш рет оған төрағалық етуде. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланған алғашқы мемлекет атанып отыр. Сол себепті 2018 жылы 18 қаңтарда өтетін осы жиынға бір топ магистрлер мен студенттер Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау туралы баяндамасын тындауға қатысатын болады.

Сонымен қатар,   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен қатысушы студенттері Нью-Йоркке оқу үдерісі бойынша, яғни, Колумбия университетімен (SIPA) алмасу бағдарламасы аясында жасалған  келісімшарт бойынша  келген болатын. Студеттер  он күндік сапар барысында бірнеше пәндер бойынша тәжірибелі мамандар мен ғалымдардан дәріс алатын болады.



Бөлісу: