"Елімнің бір еркесі мен боламын"

"Елімнің бір еркесі мен боламын"
жеке
блог

"Елімнің бір еркесі мен боламын"-деп аталатын Тамара Асардың шығармашылық ән кеші Елордамыз Астана қаласында кеше ғана, яғни 31 қазан күні аталып өтті."Тойдың боларынан, боладысы қызық" -демекші Тамара ханым шақыртудың мұқабасына "Кеш қонақтары өнер жұлдыздары және тосын сый"-деген болатын.

3000 адамға лайықталған Орталық Қазақстан залындағы қонақтар тосын сыйды тағатсыздана күтті.Концерттің орта жағында ол тосын сый Тамара ханымның кішкентайынан тыңдап өскен, пір тұтатын Ресей және Грузин халық әртісі, Тамара Асардың аттасы - Тамара Гвердцители екені мәлім болды. Бұл халық үшін расында да тосын сый. Қазақ жеріне сонау Грузияның халық әртісі Тамара Михайлқызына қазақша қамзол кигізіп, мойнына қазақша нақышпен есімі жазылған бойтұмар кигізілді. Онымен қоса қос Тамара бірігіп,қазақтың Ақбаянын оркестрмен сүймелдеп,жанды дауыспен орындап шықты. 

Негізі, Тамара ханым әзілдегенді жақсы көреді дегеннен хабардар едім, бірақ бір әзілін де естіп көрмеппін. Сол естімеген әзілдерімнің көкесін шығармашылық кеште естіп, кеш аяқталғанша езуімді жимадым.Ол тек әзілден емес, сапалыққа, жоғары дәрежеделігіне де таң қалғандықтан.  

Тамара бір сұхбатында "Шығармашылық кешті халқыма айтарым бар кезде,сырласқым,мұндасқым келген кезде, халқыма айтарым бар-ау деген кезде беремін" деген екен.Ия, кеште сырласып та, мұңдасып та үлгердік. "Елімнің бір еркесі мен боламын" атты әнмен бастап, сол әнмен аяқтады.Кешті солай атаудың да бірнеше себебі болды дейді. "Ойлап отырсам, бұл әнді 5 сыныптан бері орындап жүр екенмін.Кейін Роза Бағланованың шырқауында естідім.Бір концерттің соңында маған Роза апам келіп "Басыңдағы үкің әдемі екен,үкің түгел болсын.Бұл әнді енді маған айтқан жараспайды, ал саған жарасып-ақ тұр,бұдан бұлай сен орында. Осы әнді өмір бойы шырқауыңа тілектеспін." -деген болатын.Содан мен көп ойланып кешті осылай атауды жөн көрдім. Мен шынында да елімнің еркесімін.Ешкім бетімнен қағып,жүзімді жасқаған емес.Барған жерімде күтіп алып,шығарып салады, ат міңгізіп,шапан жабады.Қазақтың сахнасында да,тойында да сый құрметті тең көріп жүрмін. Сондықтан мен халқымнан алғысымды аямаймын,бас иемін"-деген.

Кеште тек Тамараның жаңа әндері орындалды. Жаңа альбомның тұсауы кесілді десек те болады.Елінің еркесін құттытап өнердегі әріптестері Қарақат пен Қыдырәлі келді.Қолдарына қызыл раушанның ішінде жүрек пішінді ақ раушанын, онымен қоса Bal-bala -ның қошқарын арқалап,ән-шашуын шашып,көңілді бір сергітіп кетті. 

Тамараның тұла бойы тұңғышы Қамбар да домбырасымен бір екі күйден жіберді.Бұл Қамбардың өнер деген додаға алғаш қадам басуы дейді анасы. 

Осы жолғы ән кеші немен ерекшеленді?

Бұл жолғы ән кешінде Тамара алғаш рет,өзімен-өзі қалғанда ғана айтатын әндерін жиналған жұртқа тыңдатты. Анасы Тамараға "Махаббат жайлы әнді отызға толғанда айтасың" деп бұйырған екен.Бұл жолы енді орындауға ұялатын әндермді де сахнаға алып келдім,-дейді.

Әлеуметті желілердің бірінде "Сіз үнемі мұңды әндер айтасыз,сізге көңілді әндер жарасапайды"-дегені бар екен. "Неге жараспайды, Ә? Әлде жөнді қимылдай алмаймын ба?" -деп әзілдеп қойды да артынан Биле,биле әннің шашуын жіберді.

Жарасып-ақ тұр.

Айта берсем де, төрт сағаттық кештен алған әсерімді жеткізе алмаспын. Одан да мың рет естігенше,бір рет көр деген бар емес па еді? Тамара ешқашан елін таң қалдырудан жалықпаған, жалықпайды да.Олай болса,келесі ән кешіне сізде міндетті түрде барып көріңіз!

Өкінбейсіз!