Еліктеген жақсы ғой.Енді әрине,біреудің дәл "түпнұсқасы" болудың қажеті жоқ.Сіздер де бала болдыңыздар ғой,біреуге еліктеген боларсыздар.Журналист болғым келгені ме,теледидар көп көремін.(әсіресе жаңалықтарды)Сондағы тележүргізуші Гүлназ Әлімгерейге еліктеймін.Сөйлеген сөзі,тұрысы,сыпайылығы секілді қасиеттерін өз бойыма сіңіруге тырысамын.
Келесі еліктейтін жан-өзіміздің Мақпал әпкеміз.Блог жазғанда құмарың қанып,рахаттанып су ішкендей боласың ғой,тәйірі....
Тағы бір әпкеме кезек берелік.Оны танисыздар.Мейірімді,әдемі,бейне бір күн сияқты.Ол кім дейсіздерме?Ендеше айтайын.Қара қыз ғой баяғы.....
Ай мен еліктегіш боп кеттім-ау...Десе де жалғастырайық.Келесі адам-Гүлжан Серік.Неге екені белгісіз,массагетке тіркелмей тұрған кезімде сол апамды ТӘКАППАР деп есептейтінмін
P.S:Массагетте үлгі тұтар адамдарым көп.Сіздер де мен секілді балаларға үлгі болып,қазақ атты ұлы елдің намысын көтеріп жүре беріңіздерші!
Айтпақшы,сіздер кімге еліктейсіздер?!