Еліктеуді ұнататын халықпыз...

Қазақтың ұлттық ойыны мен тағамын неге дамыта аламай жүрміз? Қолымыздағы бар дүниеге аса мән бере бермейміз. Сөйтіп өзгенің таңсығын қаңсық етеміз. Шетелдің тағамы десе аузымыздан суымыз құрып отырамыз. Ол көп өтетін болса, сол тағам сататын жерлер ашып тастаймыз самсатып. Алайда өз тағамдарымыз елге де ұнайтынын ұмытамыз. Шетелден адамдар келсе, тек шетелдік асхана мен тағамдарды көріп өз елінің тағамдары жоқ немесе дамымаған деп ойлайтын шығар бәлкім?!

Ал ойынға келер болсақ, негізі біз еліктеуге құмар халықпыз ғой. Не көрсек соған бір бүйіріміз тартып тұрады. Шет елдің футболын, баскетболын, воллейболын көшеде балаларымыз беріліп ойнап жатады. Оған жағдайлар да жасалып қойылған. Ал ұлтымыздың  балаларға қызық, ойлау қабілетін,шапшаңдықты дамытатын асық ату, теңге алу сияқты ойындарын ойнамаймыз. Оларды дамытатын ойымыз да жоқ. Тіпті кішкентайларға ол туралы түсіндірсең  түрлері мыжырайып, қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз дегендей кейіп танытады. Ал осы кезде беріліп ойнап жүрген ойындар да өткен ғасырларды дүниеге келген. Әлі күнге дейін ойнап жүр. Оны барлық елдер де үйреніп алды. Ал біз өзге түгілі өзіміз де ойнауға қызықпаймыз. Заманауиландырып жасап, бүкіл елге ойнатуға болатындай етіп жасағымыз келмейді.

Өзіміздің ұлттық ойындарды ойнап,елден ерек халық екенімізді білдіру үшін өзімізге тән дүние болуы керек. Сондықтан да ұлттық ойындар мен тағамдарға бей-жай қарамайық.



Бөлісу: