ЕЛІКТЕУ ХАҚЫНДА

ЕЛІКТЕУ ХАҚЫНДА
жеке
блог

Әр адам еліктей жүріп өз образын жасайды. Бүгінгі жазба да осы еліктеу хақында.Бұрынғының жастары өз ұстазына, оқыған кітабының кейіпкеріне еліктеген болар, сірә? Ал қазір көп жастар актер, жұлдыз, әнші атаулыны кумирі санайды менің ойымша. Әрине, біреуге ұқсағысы келіп еліктеу-жаман қасиет емес. 

Өз басым бала кезімнен сол уақыттары 31 арнанының жаңалықтар қызметінің дикторы болған Лимара Салихты көз көріп, жұмысымен танысқан сәтте «неге бұл әпкеге ұксамасқа, неге осы әпкем тәрізді диктор, журналист болмасқа?»деп шешіп, журналист атты ардақты мамандыққа көңілім ауған еді. 

 Лимара САЛИХ

Келесі, бұл қайсар мінезді әпкемізді танымайтын қазақ жоқ-ау!) Дина Төлепбергенова. Астарлап ақиқатты айтқанда алдына жан салмайды. Сөйлеген сөз мәдениеті мен қайсарлығын бойыма сіңіруге барынша тырысамын. 

 Дина Төлепберген

Ойлап отырған шығарсыз еркек кіндік не істеп жүр арасында деп. Бұл-Нартай Аралбайұлы. КТК арнасының жаңалықтар қызметінің бұрынғы тілшісі. Қазіргі таңда "Алматы" телеарнасында қызметте. Ағасынан алар нәрсем көп. Сөз саптау… Дикция… 

 Нар тұлғалы Нартай Аралбайұлы

Сюзи БЭ. Шет ел жұлдызы. Өзін әлемге 18 жасында-ақ мойындатқан корей әншісі, актрисасы, тележүргізуші, модельі. Көп қырлы Сюзи мен үшін сұлулық пен сәннің эталоны. 

 Сюзи

Еліктеу жақсы ғой, меніңше, Тек еліктеп жүрген адамымыздың «көшірмесі» болудың қажеті жоқ. Айтпақшы сіздің кумиріңіз кім болды? Сіз кімге еліктейсіз?