Елге сіңген – Кәлеке.

Елге сіңген – Кәлеке.
жеке
блог

Соңғы он жыл ішінде кальян шегу елімізде кең тарағандығы айқын. Бұл тенденцияның екі ең басты себебі бар.

1.БАҚ-ның әсері

2.Кальян жайлы қалыптасқан қате ойлар

Жыл сайын қалаларда кальян шегуге арналған кафе, лаундждардың саны ұлғаюда.  Бұл кафелерге кальянды ашық түрде жарнамалауға тыйым салынғандығымен, ел ішінде кальян - кино, музыка, әлеуметтік желілер және тағы басқа БАҚ арқылы таралды. Кинолардың көбінде кальянды беделді, бай, өмірдің шыңына жетіп, ләззат алып жүрген кейіпкерлермен байланыстырады. Бұны кинотеатр арқылы болмаса, интернет арқылы қараған жастардың миында дұрыс емес ассоциациялар пайда бола бастайды. Кейбір шетел әншілерінің, реперлерінің өлендері мен  бейнеклиптерінен кейін бұл ассоциация өсе, дами түседі. A$ap пен Снуп Дог секілді жұлдыздардың  инстаграмына кірген жастар көргенін қайталайды. Кальян шеккенде керемет іс бітіргендей болады. Плацебо әсері себебінен өзін керемет демалып, ләззат алғандай сезінеді. Бірақ, шынында, денсаулығына кері әсер тигізеді.

Кальянның зиянсыздығына сенген адамдардың саны аз емес. Бұл жалған ақпарат арқылы кальян табыскерлігі елімізде жоғарғы қарқынмен дамуда. ДДҰ-ның (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының) деректері бойынша, кальянның адам денесіне зияны темекіден аз емес. Орташа есеппен алғанда, кальян шегу процессі 30-45 минут жалғасады. Бұл уақыт ішінде өкпеге кірген түтін көлемі темекіден кірген түтін көлемінен бірнеше рет көп екендігі анық. Кальяндағы никотин үлесі темекідегі никотин үлесінен аз болғанымен, ұзақ уақыт бойы шегілетін Кәлеке зияндылық бойынша темекені артта қалдырады. Оған қоса, кальян көмірінің жану барысында иіс газы, бензопирен, формальдегидтер, қатерлі ісіктердің себебі болатын әртүрлі ауыр металдардың тұздары адам денесіне кіреді. Сол себептен судан жасалынған тазартушыға қарамастан, кальян бір қорап темекіден зиянды болып саналады.

Әдетте, адам баласы дем алу барысында өкпенің тек 10% толтырады. Кальян шегу барысында, адам толықтай Кәлекеден ләззат алу үшін өкпесін түтінмен толтырады. Сол кезде зиянды заттар өкпенің шеттерінде жиналады. Бұл өкпе ісігіне алып келуі мүмкін.

Жылдан жылға Кәлекенің қармағына түскен адам саны артуда. Әдемі перденің артына тығылған бұл кальян, халқымызды, әсіресе, жастарымызды улауда. Сондықтан, оқармандарды Калекеден арылуға шақырамын.