"Елге сәлем" ән кеші
блог
Наурыз айының 20-шы жұлдызында,елордамызда ҚХР жұлдыздарының "Елге сәлем" атты ән кеші өтпек.Концертте қытайдағы қазақ сахнасының танымал жұлдыздары ән шырқамақ.Соның ішінде:елімізге композитор ретінде танымал, "Қаракөзім","Бұлбұл құс" атты өлеңдердің авторы,әнші Ахметжан Рабжан,Айнұр Қажимолла,"Дос" тобы,Мүбәрәк Қайратбек т.б. өнер көрсетпек.Концерт жайлы толық ақпарат алу үшін ұйымдастырушысы, Үрімжідегі "Жаңа әуен" продюсерлік орталығының директоры-Ербосын Нұрмұханұлымен сұхбаттасқан болатынбыз.
-Сәлеметсіз бе Ербосын аға!елге қош келдіңіз!Өзіңіз басқарып отырған "Жаңа әуен" продюсерлік орталығы туралы толық мағлұмат бере кетіңізші?қай жылы құрылдыңыздар?
-Қош көрдік!Біз "Жаңа әуен" болып құрылғалы 18 жыл болды.Әлі де жұмыс істеп келеміз.Басында тек қана CD,DVD дисклерін шығарумен ғана айналыстық.Кейіннен 2000 жылдан бастап,концерт ұйымдастыруды қолға алдық.Қытайдағы жұлдыздарымыздың концерттерін ұйымдастыра жүріп,Қазақстанның өнерпаздарын да шақырдық.Алғаш рет "Алтайдың ар жағынан келген ару" әнімен Сәкен Қалымов,"Қимай сені барамын" әнімен Меруерт Түсіпбаева сахнамызды думандатқан болатын.Сөйтіп сол жылдардан бастап,Қазақстанмен серіктестік орнаттық.Кейіннен ""Муз-Арт тобы,Алтынбек Қоразбаев,Тоқтар Серіков,"Шаншар","Алдараспан" әзіл-сықақ театрлары,Қайрат Нұртас сынды өнерпаздарымыз сахнамызда өнерлерін паш еткен болатын.Енді міне,өзіміз де елге қоныс аударып жатырмыз.Алла амандығын берсе,бүкіл ұйымдастыру орталығымыз түбегейлі елімізге көшіп келмек.
Ахметжан Рабжанұлы (сурет qamshy.kz сайтынан алынды)
-"Елге сәлем" ән кеші де "Жаңа әуен"-нің ұйымдастыруымен өте ме?
-Дәл солай.Бәрін өзіміз ұйымдастырып жатырмыз.Кешіміз 3D форматында өтеді.Қазір қызуқанды дайындық үстіндеміз.Басты ерекшелік-барлық ән жанды дауыста айтылады. Көрерменнің көңілінен шығады деген ниеттеміз.Әрине,қобалжу бар.Астанадағы алғашқы концертіміз ғой.Дегенмен бәрі ойдағыдай болады деген сенімдеміз.
Айнұр Қажимолла (сурет qamshy.kz сайтынан алынды)
-Билеттер құны қанша?
-Билеттер құны халықтың қалтасын көтерерліктей.1000-3000тг аралығы.Барлық өнер сүйер қауымды кешімізге шақырамыз!
-Сұхбатыңызға рахмет!ендеше,ән кештеріңіздің жоғары дәрежеде өтуіне тілектеспіз!
КОНЦЕРТ 20.03.2015 ЖЫЛЫ,САҒАТ 18:30-ДА ЖАСТАР САРАЙЫНДА ӨТЕДІ.Билеттер кассаларда сатылымда.