Елге қайтыңдар қазақтар (теракт жайлы)
блог
Дүние жүзінде болып жатқан соғысқа қарап, қазақтардың саны әлем бойынша көп екенін түсініп, олардың қазіргі күйін түсінемін. Осыдан 1 жыл бұрын Еуропаға білім алуға барғанда, қазақтардың сол жаққа ағылып келе жатқанын өз көзіммен көргенмін. Ал, қазір өз еліңнен басқа тыныш жер жоқ екеніне көздері жетті деп ойлаймын. Кешегі Бельгияда болған оқиға Еуропадағы террактың алғашқы ғана көрінісі. Оның алдында болған Франциядағы оқиға біраз елді шулатқаны рас. Сол террактан кейін Бельгияда үлкен жарылыстар болады деген болжамдар болған болатын. Сол болжамдардың қазір орындалып жатқанын көріп, сол жерде тұратын қарапайым жандарды аяймын. Жазықсыздан қаза тауып жатқан балалар, әйелдердің саны күннен-күнге өсуде. Бұл жерде кімнің кінәлі, кімдікі дұрыс екенін біз нақты ашып айтып бере алмаймыз. Тек Францияда ғана емес, дүние жүзі бойынша осындай көріністер күннен-күнге орын алуда. Бірақ біз Еуропадағы болған оқиғадағыдай қайғыға ортақ болмаймыз. Себебі, біз ол оқиғаларды мүлдем естімейміз. Жақында Фэйсбукта болған акцияның күлкіге айналғанына да куә болдық. Адамдар бұл акцияны түсінбесе, мұндай сурет салып та керек емес. Бұндай суреттер қазақ қыздарының арасында тарағанын көрген болатынмын. Адамдарға тек аватар үшін осындай суреттерді күлкіге айналдырғаны ұнамайды. Бұл сол жерде қаза тапқан адамдарды, Франция елін қолдау мақсатында жасалған дүние. Келесі де ескеріп жүрейік достар!
Брюссельде болған оқиға дәл Францияда болған терракттың түпнұсқасы. Кешегі болған терракттан 20 шақты адам қаза тауып, 100 шақты адамға зақым келген. Ол адамдар да қарапайым үйге, жұмысына бара жатқан адамдар. Ажал деген бір-ақ сәт. Брюссельде болған оқиғаның суреттерін, видеоларын аяғына дейін көре алмадым. Бірінші жарылыс аэропорт, кейін метрода болған жарылыс біраз Еуропалықтардың үйден шықпауына себепші болды. Себебі, қазір Еуропада өте қауіпті. Кез келген адам көп жүретін жерде, бәрі жан-жағына қарап, ондай орындарда жүрмеуге тырысады. Қазір Еуропада толықтай қорқыныш инъекциясымен ауыруда. Не болса да Еуропалықтардың қайғысына ортақпын.
Жалпы, Еуропада жүрген қазақтарға айтарым, сақ болыңыздар достар! Оқу-оқумен, бірақ Еуропада қазіргі таңда өте қауіпті. Қайда жүрсеңіздер де аман болыңыздар қазақ бауырым!