Еленбей қайтқан кегім-CІЗ!

Жақсы көрген кісіңді етене жақсы көрме, себебі бір күні жаман көріп қаларсың. Жаман көрген кісіңді соншалық жаман көрме,бір күні ол жақсы көріп қалған адамың болып қалар... (Хадистен)

Сен мені жылатып кеттің, құрбым,

Құлқыныңның тарлығы шығар, шыдамсыз...

Мен кеше саған қызыққан едім,

Пендеге айналдың ұнамсыз... 

 

Сен мені мұңайтып кеттің, жаным,

Басқаның менен артықтығы шығар тіптен...

Мен кеше саған мейірлі едім,

Сенен де соны күткем...

 

Сен мені төмендетіп кеттің, күнім,

Өзімнен кішіге үйреттің кісілікті,

Мен кеше тағдырыңа қанық ем,

Кем етіпті түсінікті...

 

Сен мені ақымақ санадың, айым,

Сөз қайтару да қол емесін ұққамын...

Мен тек Алладан қорықтым,

Оп-оңай жыққаның...

 

Сен мені мазақ еттің мазамды алып,

Жүректе атты күдікшіл сізге таң қылаң...

Жаман өлеңнің кейіпкеріне айналдың,

Өлеңмен осы қалдырам...

 

Мен сені итермеймін құздан,құлатқым кеп,

Тек енді еш демемеймін...

Сен маған не жасасаң да, мейлі,

Ал мен... мен жәй елемеймін...

(Қолымнан келгені осы ғана...)

Мақпал Төребек



Бөлісу: