"Электронды үкіметтен g-үкіметке" V халықаралық конференциясы

"Электронды үкіметтен g-үкіметке" V халықаралық конференциясы
жеке
блог

ҚазҰУ-да кеңістік деректерінің инфрақұрылымындағы Еуразиялық бастамасының «Электронды үкіметтен g-үкіметке»V халықаралық конференциясы өтуде.
Жиында сөз алған Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының директоры Амірхан Айменов «Бүгінгі қоғамда елімізде көптеген өнеркәсіп орындарызаманауи цифрлы технологияға ауысып, бұл барлық жұмыс түрлерін табысты орындауға мүмкіндік беріп келеді. Цифрлы технологиялар арқылы көптеген мәселелердің шешімі табылып, ақпараттарды жылдам және сенімді дайындау, ауыстыру және сақтауға болатын болды. Цифрлы аэротүсірілім және оның материалдары бойынша цифрлы топографиялық жоспарлар мен карталар жасаудың заманауи тәсілі игерілді және енгізілді. Бұл өз кезегінде кәсіпорын жұмысын біріздендіріп, еңбектің сапасы мен өнімділігін арттырады. Өндірістік жүйені автоматты режимде реттеу адамзат қатысуын барынша азайтып, жаңартылған техникалар арқылы мемлекеттік қызметті электронды форматта жүргізу ісін жетілдіріп келеді», – деді директор.