Адамның әр нәрсеге қызығушылығы болады ғой, сол сияқты менің де 3 нәрсеге қызығушылығым бар яғни хоббиім саяхат жасау, монета жинау, елді мекендердің атаулары жайлы аңыз деректер жинау. Мен сіздермен өзімнің сүйікті ісімнің бірімен бөліскім келіп отыр.
Әр жердің, таудың, судың, елдің атауларына қойған аттары жайлы әр жақта әр қалай аңыздар бар, өзім естіген елді мекен, станциялардың біразына тоқтала кетейін:
1.Батыс Қазақстан аймағында «Үйде» атты станция бар, оның «Үйде» аталу себебі (ел аузындағы аңыздар бойынша) қазақ даласына теміржол іске қосылғанан кейін станцияларға атауларды жазып, карта сызбақ болып Москвадан арнайы комиссия құрылып жолға шығады. Қыстың суық күнінде Батыс Қазақстанға келеді. Жұмысшысы бар, бастығы бар барлығы күтеді, тоңған соң барлығы станция басындағы үйге кіріп жылынуға кеткенде,комиссия отырған поезд келіп тоқтайды кезекшілікте тұрған жұмысшыдан (орысша түсінбейтін қазақ екен)
- Что за станция ?-деп сұрапты келген комиссия
- Үйде - деп жауап беріпті кезекші,
Комиисия станцияның аты «Үйде» деп жазыпты да поездына отырып кете беріпті
Содан бері ол станция «Үйде» аталыныпты.
2. Аякөз-Ақтоғай жолында «Темекілі» станциясы бар. Теміржол алғаш салынған жылдары орыстар жол бойына көптеп темекі өсірген, Москвадан шыққан комиссия осы станцияға келеді. Мұнда тағы кезекшілікте тұрған өзімдің қазақ ағайынымыз тұрыпты. Комииссия қолымен өсіп тұрған темекі жақты нұсқап:
- Что за станция? - деп сұрамайма
Өсіп тұрған шөпті сұрап тұр екен деп ұғып:
- Темекі - депті
Бұл станцияда қазақ ағайымыздың арқасында «Темекілі» атаныпты.
3.Шығыс Қазақстан облысының үлкен станцияларының бірі, қазіргі күнде аудан орталығы «Аягөз» қаласы.
Ақтайлақ бидің өмір сүрген заманыда осы жер пайда болыпты,аңыз бойынша бұл жердің аталуын әр кім әр қалай айтады
1) Көктемде қатты су тасығанда өгізбен адамдар судың екінші жақ бетіне өткен, жүктерін тиеп өткізген, Ай-өгіз, ай-өгіз деп өгізді айдағаннан қалған дейді.
2) Оғыз тайпасының қатысы болып ай-ағыз атынып келе Аягөз атанды деген аңыз бар
3) Сол кезде өмір сүрген Қожаның бір дәулетті байы қызының аты Айкөз болған сол қызының атымен атаған деген де аңыз бар.
4. Аякөз-Ақтоғай жолында «Таңсық» станциясы бар. Барлықтарыңызға белгілі Қозы Көрпеш Баян сұлудың 3 әпкесі болған, Ай, Шолпан, Таңсық, осы үш апаларымыздың атында үш ауыл және 3 өзен аты бар, Таңсық ауылының жанында темір жол станциясы салынған, сол себепті Таңсықтың аты берілген.
5.Алматы облысына қарасты «Темір» станциясы бар, ол жерге кезінде Ақсақ Темір шашын алғызған екен, соның құрметіне станцияға сондай ат берілген.
6.Талдықорған жақта «Бес көл» станциясы бар. 1960 жылдарға шейін ол станция «Ала көл» аталыныпты. Ресей елінде де «Алакөл» деген станция бар, екі станцияның аты бір, жүк вагондары ауысып кетіп қалып, үлкен шу болған, 1960 жылдан бастап «Бескөл» деген ат беріліпті.
Осы сияқты айта берсе көптеген аңыздар бар. Құрметті массагет қолданушылары өздеріңіз білетін аңыз әңгімелерді пікір ретінде қалдыруларыңызды сұраймын.