Құнсыздану келді деп, банктер де құлдырау кезеңінде екен, деген смс хаттар, ұялы телефондар арқылы жылдам тарады. Төзімі таусылуға шақ қалған халыққа бұл да бір,күтпеген жерден төбеден жай түскендей болды. Банк Центр кредит, Альянс және Каспий банктері банкротқа ұшырайды дегенді естігенде, аралығы екі күннің ішінде ел арасында біраз үрей туды. Жаңалықтың жағымсыздығын естіген бқхара банктердің арасында Елімізде үш миллионға жуық тұтынушысы бар Каспий ьанктен салымшылар өзінің 40 миллиардқа жуық қаржысын алып үлгерген.
Бұл смс-ті кім қалай жібергені әлі белгісіз, бірақ бүге-шүгесіне дейін зерделеп, зерттеп отырған отандық генпрокуратура бұл ақпаратты жете назарға алып бақылауда. Бірақ күдікті болған адамдардың тізімін де, ақырын тізбектеп жатқан секілді. Тізбектегені былай тұрсын, кімде-кім қауесетті таратқан адамды нақты анықтаса Каспий банктің атынан 100 000 000 теңге береміз деген хабарландыру да беріп үлгерген. Алтын көрсе періште жолдан таядыға барған кейбір адамдар, өз еркімен кінәні мойнына алып жатқандар да табылып жатқан іспетті. Бірақ Банктің қызметкерлері бұл істі нақты кімнің жасағанын, және кім жасатқанын табуға тырысуда. Жақын күндері дау-дамайдың астында қалған "Каспий банк" тез арада прес конференция өткізіп, девольвацияның каспий банкке келтірер кедергісі жоқ деп сендірді. Себебі банктің қорында өзін-өзі алып шығатын қаржы да бар екен.
Прес конференцияға Америкадан арнайы"Восток Эксперсс"-тің серіктесі Майкл Калви ат ізін салыпты. Сонымен қоса Каспий банк төрағасы Михаил Ломтадзе мен Касий банк басшысы, Вечеслав Ким де болды.
Бұлардың әр қайсысы өткенге аз да болса көз жүгіртіп, ендігі кезекте халықты қорықпауға шақырып, елдегі жағдайдың депозиттегі ақшаларына ешқандай зияны болмайтынын кесіп айтты.