Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Тарих толқынында" атты еңбегіне талдау..

 1999 жылы Н.Ә.Назарбаевтың Тарих толқынында еңбегі жарыққа шықты, Кітапта, тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылады.

НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Қазақ болмысының ерекшелігі тарихқа арналған. Қазақ даласы, мәдениет келешегі, ұлттық бірегейлік, тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар, тарихтың терең шеңберлері бұл кітапта кеңінен суреттеліп, жазылған кітап. Тарих біріңғай ақ немесе қара деп бөлікке салатын бұлаңдықты көтермейді. Тарихтың толқынында қазақтың сана сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы ұлттық қасиетін түсінуге мүмкіндік беретін шығарма. Кітапта автор өткеннің қейбір іргелі сабақтарына жүгіне отырып, қазақ халқының тарихи жолы туралы ой толғайды, рухани мұраны дамыту мәселесіне тоқталады.

ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР/ЕРЕКШЕЛІГІ

Кітаптың оқшау есте қалар ерекшелігі — əркімді ұлт есебінде өзін-өзі тануға, ұлтының тегін, тарихын, мінезі мен қасиетін саралауға үндейді. Қазақ, біз қандай ұлтпыз, «Мен» дегізерлік, мақтан етерлік қасиеттеріміз қандай, ел-жұртымыздың арғы-бергі тарихында ұрпақтар айта жүрер тарихи тұлғалар, руханият көсемдеріміз кімдер? Болашағымыз қандай, қайда барамыз, ел есебінде аңсаған- көксеген мұраттарымыз нендей? Кітап авторын əрбір естияр азаматтың намысын түрткілер осы алуанда жүрекжарды сұрақтардың
барлығы толғандырады. Туған елінің бар ауыртпалығы жан- жүрегін шамырқандырған Елбасы ештеңені бүкпей, ашық сырласады. Бірде арғы, бірде бергі тарих қойнауларына сүңгіп, бірде əлем кеңістігіндегі əрқилы елдер беталысына зер сала отырып, туған елі — Қазақстанның алыс-жақын болашағына көз тігеді. «Тарихтағы өз орныңды білу, бабаларыңды ру төмпешігінің деңгейінде емес, жалпы ұлттық өреде мақтан тұту, ұланбайтақ Еуразия тарихында ұлы істерге ұйытқы болған қазақтар мен олардың бабаларының өзіндік орнын танып-түсіну, ұлттық қадір- қасиетіңді қорлайтын жаттанды жаралардан арылу — міне, ұлттық тұтастыққа кепіл болатын бігінгі күннің ең қуатты тетіктері осылар» — деп тебірене сыр ашады автор.

БӨЛІМДЕРІ

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тарихының он екі кезеңін атап өтті:
1. Қазақстанның бүкіл аумағын қамтитын көшпелі,ежелгі арийлердің қоныстануы. Оған Сынтасты, Арқайым қорым-кешендері кіреді.
2. Осыдан 4-5 мың жыл бұрын арийлер солтүстіктен оңтүстікке, оңтүстік Оралдан Үнді өзені бойына ығысты. Сақ патшаларының Есіктегі, Бесшатырдағы қорғандары одан кейінгі дәуірдің белгілері.

3. Осыдан 3-4 мың жыл бұрын Гоби маңында ғұндар билік құрды. Олардың бір тобы бір ғасырдан соң бүгінгі қазақ даласына құлады. Тәңірге табыну басталды.
4. Осыдан 1,5 мың жыл бұрын ғұн нәсілдері – түркілер - Ашина руының түркілері жинақталып, кейін олар түркі қағанатын - Мәңгілік ел қалыптасты. «Қорқыт ата» аңызы сол заманның тарихи сарыны.
5. Бұдан 1300-1100 жылдар бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығысқа көшті. Ол Орхон-Енисей жазбаларында таңбаланды. Тоныкөк,
Күлтегін рунасының жазбаларын, қырыққа тән жәдігерлерді енгізуге болады.

6. Осыдан 1100-900 жылдар бұрын Қазақстанға ислам діні дендеп енді. Араб әріпі руна жазуын ығыстырып шығарды. Ғылым-білім дамыды. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари сол заманның сөнбес жұлдыздары.
7. ХІ ғасыр түркілерден шыққан тұңғыш сопы Қожа Ахмет Йассауи хикметтерімен ерекшеленеді.
8. ХІІ-ХІV ғасырлар Шыңғыс хан мен оның ұрпағын жаулаушылық
бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына кесел болып жабысты,
қанжоса болды. Сол кезде қазақтан Майқы би шықты. Ол қазақтың үш
жүзінің таңбаларын тасқа қашады.Үш жүз өзінің жауынгерлік ұранын
алды. Ұлы жүз - Бақтияр - Бақыт, Орта жүз - Ақ жол - Әділет, Кіші жүз Алшын - От-ана. Олардың ортақ ұраны - Алаш болды.

9. XV-XVIII ғасырлар қазақ хандығы құрылуымен биік сапаға көтерілді. Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау қазақ руханиятының алтын ағысына айналды. Жәнібек пен Керей хан қазақ деген атауды тарих сахнасына алып шықты. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында - Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке би Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғыны» жасады. 1729 жылы Аңырақай шайқасы қазақтың болу-болмауы туралы мәселені шешті. «Біз күні бүгінге дейін осынау ұлы оқиғаның тиісті бағасын бергеніміз жоқ»!
10. Бұл ХVІІ-ХІХ ғасырларды қамтиды. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезі еді. Осы кезеңде тарих сахнасына Абылай хан келді. Қазақ елі Ресейдің боданына кірген тұс та осы кезең. Осы сәтте жарқ етіп қазақ көгіне Шоқан мен Абай шықты.

11. ХХ - ХІХ ғасыр Ресейдің гүлденуі де, құлағалы тұрған кезеңін белгілейді. Қазақ өз мемлекетін құруды көздеді. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов Алашорда үкіметін құруға ұмтылды. Қазақ төңкерісі сөз жүзінде еркіндік әкелгенімен,
шын мәнісінде қасіретті жаңа бір кезеңге ұласты. 70 жыл бойы коммунистік жүйе қазақтың ұлттық рухын жоғалтуымен айналысты. Тілінен, дінінен айырылған халық қалыптаса бастады.
12. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі қазақтардың рухын оятты. Алып СССР құлады, қазақ егемен, тәуелсіз мемлекет құру құқығына ие болды. Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың осы атақты еңбегі 1999 жылы жарық көріп еді. Содан бері он төрт жыл өте шықты. Қазақ елі тарихының концептуальды жолы тайға таңба басқандай жазылған-ды. Қазақтың рухани тарихы қазақтың тарихи тұлға ретінде қалыптасқанынан
жазылып отыр. Ұлы далада өз өрнегін салған, ұлттық құндылығын, тарихын жасаған, жерін қалыптастырып, қоғамдық қатынас орнатқан халық қана рухани дүние қалдырмақ. Сондықтан да рухы мықты елдің тарихы да мықты екенін таразылайтын сәт келді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі күн – Тәуелсіз Қазақстан! Бүгінгі таң – білімді ұрпақ! Олай болса, қаны мен терін болашағы үшін төккен бабалар арманы орындалды. Қазіргі таңда өзі сұлтан болып, халқын сұлтандыққа сүйреген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың күллі алашқа еліне жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында іргесі берік, мақсаты нық, арманы бір бақытты халыққа айналып отырмыз. Ендігі жерде ерлеріміз қолдарына қару ұстамайтын, сәбилеріміз жыламайтын бейбіт заманымыздың шамшырағы сөнбесін!

 

Шұғыла БЕЙБІТҚЫЗЫ



Бөлісу: