Елбасы медалі: аз аздан үздіксіз даму!

Елбасы медалі: аз аздан үздіксіз даму!
жеке
блог

Шыны керек тұлғалық дамуға қатысты түрлі курстар, жобалар жетерлік. Бірақ мен бүгін нағыз дағды мен дарынды шыңдауға арналған еліміздегі ең үздік бағдарлама жайлы сөз қозғаймын.

 


Ойлаңызшы, сіз кітап оқисыз, спортпен шұғылданасыз, жаңа дағды үйренесіз, еріктілікпен айналысасыз және осы ісіңіз үшін сізді арнайы алғыс хат және медальмен марапаттайды. Керемет емес пе?! Иә, бұл “Елбасы медалі” бағдарламасы.

 


Бұл жоба жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған.

Қатысушылар «Алтын», «Күміс», «Қола» деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіреді: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады. Ал жобаның финалына шыққандар алдағы жеңістерінің бастауы болатын - «Елбасы Медалімен» марапатталады!

 


Елбасы медалі жастардың дамуына арналған ең ұтымды әрі ең ерекше жоба.