«Елбасы – ел сенімі» салтанатты шарасы

«Елбасы – ел сенімі» салтанатты шарасы
жеке
блог

2021 жылғы 30 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – ел сенімі» салтанатты шарасында «Nur Qadam-2021» жастар сыйлығының марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, марапаттау рәсімін ашты. Сонымен қатар салтанатты шараға Қарағанды қаласының құрметті азаматтары, бюджеттік ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері, ардагерлер, студенттер, жастар, спортшылар, кәсіпкерлер қатысты.

Қала әкімінің «Nur Qadam» сыйлығы 2016 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Сыйлық жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды қолдау мақсатында беріледі.

2021 жылы лауреат атанғандар: Мажитов Арафат Азаматұлы (Жылдың жас еріктісі), Сабиева Әсел (Жылдың жас педагогы), Антропов Артем Александрович (Жылдың жас спортшысы), Бәкір Жандос Сәкенұлы (Жылдың жас дәрігері) және Түсіпов Бекнұр Өміртайұлы (Жылдың жас жұмысшысы).

Жеңімпаздардың әрқайсысы 300 000 теңге сомасында сертификат алды және де дипломдар мен алғыс хаттар алды.

Концерттік бағдарламаға Елордадан Президент оркестрінің артисі, Қарағанды қаласының тумасы Салтанат Байжуманова, сонымен қатар қаламыздың өнерпаздары қатысып, Елбасының сүйікті әндері шырқалды.