Ел тірегі - жігіттер!

            Ер жігіт – елдің ертеңі.Сонау атам заманнан бері елімізді «ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен» қорғап келген – ер жігіттеріміз.Азаматтарымыз тек ел қорғап қана қоймай,жан-жақта да болған.Мәселен, «жігітке жеті өнер де аз» дегендей,бірде қолына домбыра алып  даланы тербетсе,бірде суырып-салма ақындыққа салып ән шырқап халықының көңіл-күйін көтеріп,ал бірде ел басына күн туып жатқанда, қиын мәселелерді,дау-дамайды ел ағасы ретінде шешіп отырған. «Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені»-дегендей,жігіттеріміздің  берген уәделерінде тұра білуі де үлкен қасиет.Біздің болашағымыз, еліміздің тағдыры да ер азаматтарымыздың қолында.Қазақ елін түрлі қасиеттерімен, ерекше таланттарымен әлемге танытып жатқан да ер азаматтарымыз. «Сегіз қырлы-бір сырлы» заматтарымыз әрқашан аман болсын демекпін.Себебі,осы күнге жеткеніміз - елін, жерін қорғаған ер азаматтарымыз бен өз өнерлерімен асқақтатқан – жігіттеріміздің арқасы!



Бөлісу: