Ел боламын десең...

Ел боламын десең...
жеке
блог

Жазбаның не жайында екенін бірден түсінген шығарсыздар?! Иә, біз ҚАЗАҚСТАН деген атпен шылымы мен шарабын шығарған халықпыз! Жастарына тәрбие береміз деп аға-әпкелеріміз жүр ғой... Қалай дейсіздер ме? Міне, былай...

1

Ол аздай ҚАЗАҚСТАН деген конягіміз тағы бар....

3

 

4

Алты алаштың атын әлемге АСТАНА танытады дедік. Иә, Астананың атымен арақты да шығарып үлгердік. 

2

Талай жылдық тарихы бар ТҮРКІСТАН бәрімізге таныс шығар? Міне, Түкістанымыздың бүгінгі келбеті...

5

Осы Түркістанда талай тарихи оқиғалай болған еді. Абылай, Есім, Хақназар, Тәуке хандар жерленген бұл қалада. Айтпақшы, ХАН деймін ғой. Қазір ХАН деген арағымыз да бар екен.

5

 

Әлемнің екінші ұстазы - Әбу Насыр Әл-Фараби. Иә, оны да жастарға танытып жатырмыз ғой. Арақ арқылы...

6

Еліміздегі жоғары заң шығарушы - ПАРЛАМЕНТ. Қос палатадан тұратынын парламенттің бүгінгі сиқы мынау... Мыналардың бірі - СЕНАТ, бірі - МӘЖІЛІС секілді

 

8

 

7

 

Иә, мыналарды көріп отырып өзегіміз өртенеді... Егемен елдің ертеңі болар жас ұрпақты мына түрмен қалайша тәрбиелемекпіз? Дұрысы, мұның бәрін жою. 21 жасқа толмағандарға сатуға тиым салынған бұл тауарлар кей дүкендерде жас жеткіншектерге де сатыла береді. 

p.s. Мұны, жай ғана жаза салынған жас баланың жай айқайы емес, жас мемлекеттің жастарының болашағын ойлаған баланың ЖАН АЙҚАЙЫ деп қабылдаңыздар...