Бүгінде сериал - бұқаралық мәдениет феномені және теледидар индустриясының жетекшісі әрі миллиондаған көрермендердің өмір салты. Сериал пайда болғаннан бері жанарды жаулап өзінің тұрақты көрермендеріне тәрбие мен мәдениетті беруші құрал болды. Орташа есеппен есептегенде Қазақстанның 100 ден 70% тұрақты түрде көгілдір экраннан сериал көреді яғни еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін уақытының көп бөлігін көк жәшіктің алдында өткізеді. Таяқтың екі ұшы бар сияқты сериалдың да адам өміріне беретін көптеген жаман-жақсы қасиеттері бар. Телесериал негізінен шет елде бастау алған алғашқы «Disney Animated Shorts» өзінің сериалын 1920 жылы жарыққа шығарған. Иә, Америкалық киноиндустрия саласы бізден әлдеқайда ілгері дамығанын ескерсек небір жанрдағы телесериалдар жарық көріп, өз көрермендеріне ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Мамандардың пайымдауынша телесериал төрт фактор арқылы адам өміріне ықпал етеді екен. Біріншіден, телесериал көру арқылы адам өзінің басындағы мәселесін ұмытып яғни деппресиядан құтылады. Екіншіден, өзгенің өмірін сырттан бақылау арқылы жаман-жақсы қасиеттердің ара-жігін ажыратады. Үшіншіден, өзге адамның мәселесін көру арқылы өзінің жағдайымен салыстырып өзін қауіпсіз сезінеді. Төртіншіден, басты рөлдегі қаһарманды өзіне үлгі етіп, жақсылық жасауды әдетке айналдырады. Иә, телесериалдың бізге беретін қасиеттерін жіпке тізгендей бәрін жазбасамда негізгі қасиеті осындай деседе жазылмағандары қанша.
Шетел дәлірек айтсақ Бразилия, АҚШ, Ұлыбритания сынды алпауыт мемлекеттерде телесериалға миллиярдтаған қаржы бөледі. Себебі халықтың сұранысы мықты әрі сапалы дүние өндіру арқылы халыққа насихат пен хабар жеткізеді. Еліміз өз тәуелсіздігін алмастан бұрын аталмыш елдерден келген телесериалдарды көру арқылы сол елдің мәдениетін, тәрбиесін өзіне сіңіріп кері қайталап тіпті актерлардың киімдерін алып, суреттерін қабырғаға іліп өзге елдің жат қылығын өн бойына дарытты. Осының өзі телесериалдың қаншалықты құдірті күшті екенін аңағартады. Белгілі бір уақытта елімізде Мексикалық сериалдар жаппай көрсетіліп өз көрермендерін жинады содан кейін Ресейлік ал содан соң Корея,Америка,Түркия және Үндістан сияқты елдердің телесериалдары біріңғай көрсетіліп үлкенді-кішілі болып көк жәшікке телміргеніміз жасырын емес. Еліміздің ұлттық арналарының басым бөлігінде жоғарыдағы аты аталған мемлекеттердің телесериалдары жаппай көрсетіліп, 4-5 жыл үзбей арнадан ажырамады. Өзіміз көріп өскен Түрік елінің «Қыналы қар», «Дениз», «Мың бір түн», «Көсем», «Сүлейман Сұлтан» болса, Үнді елінің «Қыз ғұмыры», «Келін»,
«Абысындар»,«Жетім жүрек» тағы сол сияқты саны көп сапасы жоқ тек арнаның рейтингі үшін сатып алынған көптеген телесериалдар көрермен көзайымына айналды. Жауырыны қатпаған жас бүлдіршіндер үнді елінің салт-дәстүрін көріп өсіп, көргенін іс жүзінде қайталаса, ал бәз біреулері өз тарихынан түк түртпеседе Түріктің Осман мемлекетінің тарихын жатқа айтты. Иә, жанарды жаулаған, сананы улаған сериалдар осылайша өз дегенін білдіртпей санының ұзақтығымен, уақытының көптігі әрі шым-шытырық оқиғаға толы болуымен оған қоса әртістердің шынайы ойнауымен, әбден қызық жеріне келгенде жұмбақ күйінде аяқталып қалуымен өзіне баурап, Түркия, Үнді елінің сериалы өз көрермендер қатарын көбейтпесе еш жоғалытқан жоқ. Әрине өзге елдің телесериалының сапасы қаншалықты мықты болса, санаға берер сапасыз тәрбиесі соншалықты мықты болды. Ең алдымен қымбат телесериалдарды сатып алу қымбатқа түсіп шығынға батырса, өзге мемлекеттің өзгеше көрініске ие тәрбиесі телесериал арқылы сананы улады. Ел мен елді байланыстырушы әрі көрерменмен байланысатын ең оңай әрі төте жол алтын көпір іспеттес болған телесериал болмақ. Әрине, шетел телесериалының сапасы жағынан оқ бойы озық болуы бізге үлгі болғанымен, деседе біздің менталитетке жат кері әсерін тигізетін қыралы өте көп.
Деседе, елімізде көптен қалмай отандық телесериалдарды жарыққа шығаруда. Атап айтсақ, «Қарлығаш ұя салғанда», «Рауза», «Келінжан», «Қара шаңырақ», «Көкпар», «Тракторшының махаббаты», «Ана жүрегі», «Айналайындар» сыңды нағыз қазақылықтың исі шығатын көрерменнің ыстық ықыласына бөленген телесериалдар жарыққа шықты. Әсіресе Ерлан Нұрғалиевтың «Келінжан» сериалы ютуб арнасынан қаралымы миллионға жетіп рекорд жаңартып рейтинг өсірді. Міне, біздің еліміздеде киноиндустрияда күннен күнге қарқынды дамып, ілгерілеп көз қуантуда.
«Қазақ ұлтының телеарнасы қандай болса, еліде сондай болмақ.»- деп Ақселеу Сейдімбек айтқандай ел болам десек, экранымызды түзейік шетелдің шетте қалдыратын дүниесін шығынға батып сатып алғанша,сол қаржыға сапалы қазақи дүние шығарып, қазақ телеарнасын соның ішінде телесериалды дамытайық сол арқылы ұлттық сананы жаңғыртып, ұрпақ тәрбиесін қолға аламыз.
Жайна Мәлімқожа
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті,
Журналистика кафедрасының 2 курс студенті.