ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

Экстремизм ( «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады.

            Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда. Грек жұрнағымен аяқталатын «экстремизм» деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, кандай да бір белгіленген шектен тыс кету деген мағына береді. «Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу.

       Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Саяси ортада пайда болган Экстремизм - саяси Экстремизм, ал діни ортада пайда болган Экстремизм - діни Экстремизм деп аталады. XXI ғасырдың соңғы жылдарында діни жағдайлармен байланысқан Экстремизм қанатын кең жайып келеді. Алайда бұл Экстремизмнің пайда болу сахнасы саяси орта болғандықтан, шын мәнінде діни Экстремизм бола алмайды.  

         Экстремизмнің пайда болуы Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Олар, жөн білетін, дұрыс багыт көрсете алатын адамдардың ешқайсысын мойындамайды. Өзіне сын көзімен қарау деген түсінік олар үшін жат. Олардың түсінігінде тек олар ғана тура, басқаның барлығы да адасушылар. Сондықтан да олар басқаларды әділетсіз, эрі қатігез деп айыптауды өзіне міндет санайды, өздерін кіршіксіз, таза Пайғамбардың орнында көреді. Сондықтан, аяғы эртүрлі қақтығыстарға алып баратын жалған пікірлер таратып, мэжбүрлеу арқылы осы пікірлерді мойындайтын, шариғатқа, заңға қайшы келетін қадамдар жасайды. Экстремистердің пайда болуының екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да эр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеум.толқулардың тууына себеп болады. Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады. «Күдікшіл адамдардың басқалар туралы жаман ойлайтын себебі, оның санасы басқаларды өзіне жау көрді» - дейді психотерапевт мамандары. Яғни, бір адам, екінші бір адам жайында бір нәрсе айтқан болса, онда ол өзі жайында не жақсы, не жаман нэрсені айтқан болып шығады.  

        Жалпылама алынған «Кінәсі дәлелденбеген - кінәсіз» деген қағидаға қарсы келіп, экстремистер басқаны жылдам кінәлай отырып, тез үкім шығарады. Олар адамға қай уақытта күдікпен қараса, сол сәтге сол адам кінәлі болып шыға келеді. Неге күдіктенгенін талдап жатпайды, «ол кінәлі», деген қорытындыға келеді. Түзеуге, тәубеге келуге болатын пендешілік амалдарды сонша қиындатып, адамдарды кінәлі дәрежесінде көрулері оп-оңай. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №648 Жарлығымен діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, оны негізгі әзірлеуші ретінде көрсетілген бағдарламаны ұсынды. «Мемлекеттік бағдарлама Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаға сәйкес әзірленген», - деді ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығынан. Бағдарламаның негізгі мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм

қатерлеріне жол бермеу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. «Бұл мақсатқа қол жеткізу діни экстремизм және терроризм профилактикасы шараларын жетілдірумен, аталған көріністерді анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттырумен, сондай-ақ экстремистік және террористік әрекеттердің салдарларын азайту және жою шаралары жүйесін жетілдірумен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте бағдарламада профилактикалық жұмыс пен нысаналы топтар арасындағы ақпараттық-насихат жұмысын жаңғыртуға жұртшылықты кеңінен тартуға баса назар аударылған», - делінген ақпаратта. Бағдарламада көзделген профилактикалық іс-шаралардың көпшілігі алғашқы рет іске асырылатын болады және ел тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымына сүйенеді, ол сайып келгенде қоғамда толерантты діни сананы және радикалды идеологияға деген иммунитетті күшейтуге мүмкіндік береді. Тұтас алғанда, Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесін 5585 нығайтуға мүмкіндік береді.

      

     Экстремистік немесе террористік мақсаттарды ұстанатын тұлғалардың ел аумағына кіруінің және шетелге шығуының жолын кесу бойынша құқықтық негіздер бекітілді. Нақты айтқанда, экстремизмге немесе террористік қызметке қатысты шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне тыйым салынды.[4] Терроризм – (лат. terror - қорқыныш, үрей)- саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі.   

       Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсіндүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.

       Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимылдың мақсаты жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау болып табылады. Сондай-ақ, экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына жеке және заңды тұлғаларға орындалуы міндетті алдын ала ескертулерді хабарлау арқылы профилактикалық сипаттағы ықпал ету шаралары көзделген толықтырулар енгізілді. Талдау көрсеткендей, ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми алдын ала ескертулерін алғаннан кейін барлық дерлік тұлғалар өздерінің қылмыстық ниеттерінен бас тартқан.

      Терроризм проблемасын шешудің күш қолдану әдістері террорлық актіні жасаудың нақты қаупін тек уақытша жоя алады. Қабылданатын мұндай шаралар әрқашан да толыққанды және тиімді бола бермейді. Негізгі тіректі терроризмге алғышарттарды, тарату себептерін бейтараптандыруға жасау қажет. Біздің ойымызша, экстремизм қауіптерін ескерту және алдын алу бойынша жұмыс жасаған кезде адамдардың әртүрлі діни сенімдерге төзімділік және бейбіт өмір сүру идеясын белсенді насихаттау болып табылады.  Осылайша, ұлттық қауіпсіздік органдарына осы құқықты беру экстремистік және террористік құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге бағытталған болжамдалған нәтижелер мен мақсаттарға қол жеткізді.

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Дінтану мамандығының 3-курс студенті

Жанадилова Аружан

Жетекші: Аға оқытушы,

PhD Мұқан Нұрзат

ww.kaznu.kz

 

 



Бөлісу: