Өз ағам атанып кеткен Өзбек елінде жылына күн 320 күн бойы күн күлімдеп тұрады. Сондықтан баламалы энергия идеясы актуалды. Ерекше идеялардың бірі – 2 қабатты капсула. Енді саяхаттауды ұнататын жандар от жағып, отын іздеп жүрмейді,-дейді мұндағы жөнсілтеушілер. Күн панельдері арқылы жиналған энергия кез келген жерде отырып теледидар көріп, салқындатқышты қосып, телефонын қуаттай алады. Негізі бұл капсула әскери-медициналық мақсатта мамандардың жайлы жұмысын қамту үшін жасалған екен. Бірақ, қарапайым тілмен айтқанда, ауыл шаруашылығында, сайын далада жатып қой бағуға да пайдалануға болады. Мұндай экокапсулаларды әлемде алғаш болып Жапония мен Белорусь елдерінің мамандары ойлап тауып, қоданысқа енгізіп тастаған. Құны да әжептәуір. Шашамен 80 мың евро. Ал, қазір өзбек елі де мұның жетілдіріп қана қоймай, оның бағасын да қолжетімді етуге тырысып жатыр. Шамамен 2-8 мың доллар болуы ғажап емес. Жаппай сатылымға қашан шығатыны туралы нақты ақпарат әлі жоқ.
Ала шапанды ағайын мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жалпы Өзбек елі дегенде есімізге бірден Дэу Матиз көлігі түседі. Бұл мемлекетте жылына 200 000 мың дана автокөлік шығарылады екен. Ал мына кішкентай матиздің әдеттегіден өзгерек. Оны баламалы энергия көзі арқылы жүргізуге болады. Тек қуат әдеттегідей күн немесе тоқ көзі арқылы жиналмайды. Оның қыр-сыры қозғалтқышында. Яғни, суды буға айналдыру арқылы жанармаймен араластырады. Соның арқасында едәуір үнем пайда болады.
Қозғалыстан қуат алатын сағатпен бүгінгі таңда ешкімді де таң қалдыра алмайсың. Бірақ, осы технологияның ұялы телефон жасауда қолдануға болатынын білесіз бе? Өзбек мамандары адам қозғалысынан заряд алатын телефонды тәжірибеден өткізіп жатыр. Телефонның моделі AR-2025 деп аталады. Су кірмейтін корпустан жасалған. Біз сөзбен айтқанда, телефонды арнайы тоқ көзінен қуаттаудың қажеті жоқ. Бұл смартфон 2030 жылы жаппай шығарылады деген жоспар бар.
Дегенмен, өзбек елінің мамандары мұнымен де тоқтап қалмақ емес. Осыдан екі жыл бұрын ғана құрылған «Равон» автокомпаниясының су жаңа дайындап жатқан өнімі спорткар. Төбесіне күннен қуат алатын фотопанельдер орнатылған. Толық қуаттанған батареяның жұмысы 700 шақырымға дейін жетеді деген ақпарат бар. Қазір бұл жоба толығымен аяқталған жоқ. Бірақ, мынадай қарқынмен Өзбек мамандардың идеясы ертелі кеш өз жемісін берері сөзсіз.
Ал, павильонның 2 қабатында келішулерді Өзбек елінің мәдениеті мен тарихы, бүгіні мен кешегі өміріне жетелейді. Қолөнер бұйымдарының сан түрі қойылған. Көрпе жастықтан бастап, кәдесыйға дейін сатып алуға болады. Көрші мемлекетте жеміс-жидектің 350-ден астам түрі өсетіні белгілі. Шарап, шырын өндіретін кәсіпорындар өздерінің өнімдерін жарнамалап жатыр. Одан әрі барсаңыз, аспаздардың қолынан шыққан ыстық палау мен самсаның да дәмін татуға мүмкіндік бар. Павильон алаңының қақпасы ерекше дисплей арқылы көркемделген. Экспо алаңындағы үздік павильон қайсы деп сұрасаңыз, Өзбек елінің әкелген идеяларын есепке ала отырып мен үздік 5-тіктің қатарына ойланбастан қосуға болады.