Экран этикасы

Экран этикасы
жеке
блог

 «Тірідей шіріген адам, қан-жын, туралған дене мүшелері, күйіп кеткен мәйіт... Күнделікті «КТК»-ның жаңалықтарынан көретініміз осы. Бір ауылда су жоқ. Немесе керісінше, бірнеше үйді су алып кетеді. Оны айту керек... Ал күйген мәйітті ірі планмен көрсетіп, кімді жарылқайсыз?», - деген екен Әсия Бағдәулетқызы, өзінің «"КТК"-дан ҚҰТҚАРЫҢЫЗ» атты мақаласында. Аптасына бес күн, прайм-тайм уақытында берілетін ктк телеарнасының кешкі жаңалықтарына айтылған сын бұл. Бірақ қандай мәселеге болмасын бір жақты қарауға болмайды әрине, сондықтан ктк телеарнасының тарапына айтылған  басқа да көрермендердің  пікірлерін жазуды жөн деп санадым.

Галия Аскарова

-         Құр босқа айғайлай бермеңдер. КТК көрсетпегенде шындықты,биліктің қолшоқпар арналары көрсетеді деп отырсыңдар ма ақиқатты!? Елде сондай сұмдықтың болып жатқанын ұят та болса, білуі керек халықтың! Теледидар көрсетпесе, өсектен естиміз ба сонда жаңалықтарды. КТК-лықтар қазаққа зияны тиетіндей дүние жасап жатқан жоқ қой, білген адамға!

Міне, бұл ктк-ның бүгінгі жағдайы. Ал, журналист боламын деп оқуға түсушілердің көбі ДИНА ТӨЛЕПБЕРГЕНге еліктеп келеді. Бұл ешкімге де жасырын емес. Динаға еліктемеңдер демеймін ешкімге, бірақ КТК арнасына айтатыным кішкене болса да экран этикасын сақтаса деймін!

Көгілдір экран ең қауіпті идиологиялық қарудың бірі. Қазір дүние жүзінде бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты «ақпараттың еркін ағымы»(«свободный поток информации») деген теория дәуірлеп тұр. Ол қағиданың мәні мынаған саяды: «Жер бетінде тік басып тірі жүрген пенденің қай-қайсысы да әлемдік ақпараттан хабардар болуы тиіс. Ол – жарық дүниенің иесі. Сондықтан адам үшін таратылған ақпаратта шекара болмауы керек. Ол шекара дегенді білмейді» дейді. Ал ақпарат ағымында шекара болмаса, арғы жағы белгілі дүние ғой...