Экологиялық мәселе – күллі адамзаттың ортақ проблемасы

Экологиялық мәселе – күллі адамзаттың ортақ проблемасы
жеке
блог

Экология — қоршаған ортамыздың жағдайы мен тірі табиғат байланысы, ол жайлы ақпарат жағымды да, жағымсыз болуы әбден мүмкін.

Экологиялық мәселер қазіргі өзекті тақырыпқа айналып отыр. Мысалға алсақ: ауа, су, қоқыс,орман мәселелері, таңқаларлық жаңалық емес.

Ауа экологиясы мегаполистерде кең тараған мәселе, зауыттар мен жеңіл әрі ауыр көліктерден шығатын улы газдар, ауаның сапасын бұзып тұр. Улы газдардың салдарына келсек, өкпе аурулары, иіс сезу қызметі, бас аурулары, онкологиялық ауруларды қоздырады.
Су экологиясы, көбінесе ауылды елді мекендерде байқалады. Оған су ресурстарының жетіспеушілігі; көл,өзендердің ластануын мысал ретінде ала-аламыз. Тау-кен өндірісі, металлургия мен мұнай өнеркәсібі қарқынды ластап жатыр.

Қоқыс мәселелері бойынша зардап шегетін ол ауылдар,қалалар,жағажайлар мен далалы жазық жерлер. Пластик(полиэтилен сөмкелері,жеке гигиеналық заттар, ыдыс-аяқтар және т.б),тұрмыстық химия заттары, тағам қалдықтары және алуан түрлі заттарды жәй ғана жерден көре аламыз. Жәнеде бет-перделер мен полиэтилен қаптары өзен, көлдер мен мұхиттарды қатты ластап отыр.

Ормандардың жаппай кесілуі, антропогендік факторлардың салдырынан пайда болған экологиялық мәселе. Орманның кесілуі көмірқышқыл газы мөлшерінің көбеюіне , флора және фауна (өсімдік және жануарлар әлемі) жойылуы, топырақтың эрозиясы, шөлдің пайда болуына әкеліп соғады.

Бұл экологиялық мәселелердің зардабы өте ауқымды, оны жеңу үшін әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Қоқысты өңдеп, суды үнемдеп, көлік құралдарының орнына жеңіл велосипедтерді пайдалану, орманды кесуді доғарып оның орнына ұқсас затты пайдалана бастау.