Екіжүзділік емес

Екіжүзділік емес
жеке
блог
Адам жақын құрбысымен бірге жүргенде онымен қалжыңдасып, күліп, ойына келгенін жасайды. Ал жат жерде, жат ортада өзін басқаша ұстап, сыпайылық танытады. Бұл - екіжүзділік емес, ұялу, орта талғау. Адам бірде қабақ шытып жүрсе, бірде жүзі бал бұл жайнап жүруі мүмкін. Бұл – екіжүзділік емес, құбылмалы көңіл-күй. Бірге отырған екі адамға біріне жылы қабақ танытып, біріне мүлде суық сөз айтуы мүмкін. Бұл – екіжүзділік емес, турашылдық, адам талғау. Осындай жағдайларға «маска» сияқты лас сөзді қолданбаған жөн!