Екіге айырылған егіз тағдыры

Екіге айырылған егіз тағдыры
жеке
блог

      Таң қалған Ринат кім екен деп ойлады. Айару да сабақта отырып Аманның сөзіне сенбегеніне өзін кінәлі санап, енді міне оған бір жылы сөз айтуды ойлаған еді. Нәзік қолдарымен Ринаттың көздерін жұмған Айару

       -Жаным, мен келдім деп күлді.

       -Жаным.... деген Ринат таңдана Айарудың қолдарын сырғыта төмен түсірді.

       Айару бұрылып алдына келді. Ринат баяғы әдетіне басып:

       -Оу, мынадай қыз жаным дегенде жаның қала ма? Деп күлді

       -Аман саған не болған

       -Аман деймісіз? Жарайды, сіздей сұлу ару үшін Аман да болайық деп күлді Ринат

       -Аман қалжыңдамашы, өтінемін. Жүрші бір жерге барып сөйлесейік деді.

       Ринат та қалыспай жүріңіз деді. Ол осындай ойындарды жақсы көретін. Бірақ біреудің үмітін алып кетіп бара жатқанын білмеді. Ри нат бір жақсы кафеге алып барды. Енді ғана киімі мен жүріс тұрысына мән берген Айару:

       -Сен таңертең басқа киімде ең ғой деп сұақты төтесінен қойды

       -Ия, ауыстырдым, онда тұрған не бар? деп сұраққа сұрақпен жауап берді.

       -Жоқ ештеме. Жай сұрағаным ғой. Аман сен мүлде өз-өзіңе мүлде ұқсамай тұрсың?!

       -Жоқ мен баяғыдан осындаймын деді қылжақтай. Оның әңгімеге тартпақ болған Ринат:

       -Қарындас не жайында сөйлесеміз деді.

       -Таңертеңгі әңгіме жайында сөйлесейікші, сабақ бойына отырып саған сенбегенім үшін өкіндім. Кешірші мені. Мен сені тыңдамағаныма өкінем. Жағдайды ушықтырған менмін, жөндейтін де мен болайын деді Айару .Таңертеңгі телефондағы қыздың айқандарына сеніп, менің айтқаныма сенбегегенің не деп кінәләсәң да болады деді Айару қиыла.

      -Жоқ жаным, сені несіне кінәлаймын деді Ринат та қалыспай.

      -Ол қыз сені біреумен шатастырып алдым деді. Сонда шынымен де сенен аумайтын біреудің болғаны ма? Қалайша өз сүйіктісін біреумен шатастыруға болады деді Айару(Өзінің де сүйіктісін шатастырғанын білмей.)

     -Соны айтам ау, қалайша шатастыруға болады. Сіз де шатастырып алған жоқпын деп ойламайсыз ба деді Ринат қулана.

      -Несіне шатастырам сені бірнеше рет көрсем де, сенің көздерің, еріндерің бәрі суреттегідей есімде деді Айару.

       Ринат алдындағы бейтаныс қыздың айтқандарына шынымен де ойланды. Сонда шынымен де менен аумайтын жігіттің болғаны ма деді ішінен.Айаруды бір жерден көрген сияқты болды. Бірақ есіне түсіре алмады. Осы кезде кафеге бұрынғы тастап кеткен қыздарының бірі келіп кірді. Кірген бетте Ринатты Айарумен көрді. Бірден Ринаттың отырған жеріне жақындады де күліп жіберді. Ринат енді ғана оны байқады.

       -Сен... сен мұнда қайдан жүрсің?!

       -Ай, Ринат ай, тағы бір қуыршақты қолтықтапсың ғой деді Айаруға бір  қарап.Бірақ, сенің мені тастап кеткеніңе өкінбеймін. Сонда көрсоқыр болғаным үшін өкінемін.  Сенің мойныңда талай қыздың көз жасы бар болар.деді күлкісін бір тия алмай. Айаруға қарады да:

      - Сені де бір күні зат құсап лақтырып кететінен көзім әбден жетеді. Бұл сені лақтырғанда мына менің күйімді кешерсің кеш болмай тұрғанда өзің бас тарт деді.

       Ызаға булыққан Ринат: «Кет» деді. Сені мұнда ешкім де шақырған жоқ , өткен дүние өтті. Енді қозғаудың не керегі бар деді.

      -Ринат, сен бұл ісіңе жауап бересің деді де кетіп қалды.

      -Ринат....... деді Айару. Демек..... сен Аман емессің бе? Қалайша?...... деді таңдана. Шатасып кеттім ғой. Не болып кетті. Анель дегенді танисың ба деді Ринатқа қарап.

      -Тоқта, сіз Анельді қайдан.....қайдан танисыз деді.

      -Демек, сен екенсің ғой Анельдің айтқан жігіті. Сенде өзі ұят деген бар ма? Деді ызаланған Айару...Сен не бүлдіргеніңді білесің бе өзі? Мен...Мен Аманнан кешірім сұрауым керек еді ғой, ол мені күтіп отырған шығар деп сөмкесін ала салып университетке қарай жүгірді. Жүгіріп келген ол, бос орындықтың куәсі болды. Аманның жағдайын енді түсінді. Дәл соның орнында болғандай сезінді өзін. Не істерін білмеген ол басын қос қолымен ұстап орындыққа отыра кетті.

        Ал Айару Ринатпен кетіп қалған кезде Аман сабақтан шыққан еді. Бос орындықты көрген ол, Айарудың сабағы әлі біте қоймаған екен деп түйді де, енді бір елу минутта сабағы бітетін шығар деп ойлаған ол, университетке қайта кіріп кеткен еді. Елу минут өтті ау деген кезде қайтадан университтетен шықты. Шыға сала орындыққа көз салды. Қос қолымен басын ұстап еңкейіп отырған Айаруды көрді. Оның күтіп отырғанына қуанып кетті. Орындыққа жақындап «Айару» деді ақырын. Басын көтерген Айару Аманды көріп қуанып кетті. Оны кетіп қалған екен деп ойлап қиналған  ол Аманды көре сала құшақтап алды. Түсінбей қалған Аман орнында тұрып қалды.

Жалғасы келесі санында)))