Екіге айырылған егіз тағдыры

Екіге айырылған егіз тағдыры
жеке
блог

      

         Осындай шытырманға кез болармын деп ойламаған Аман еш қимылсыз қалды. Бұл екеуі ананы бір мынаны бір сөз қызды отырып.Сөз арасында Анельді де айтты. Аманды естіп қалмасын дегендей сыбырлап сөйлесті. Сонымен қойшы, бұлар қала сыртындағы қойманың ішінен бірақ шықты.. Анельге келгендерін айтып хабарласты. Көп ұзамай Анельдің де қарасы көрінді.

Аманды орындыққа байлап тастаған екеуі Анель мен Аманды оңаша қалдырып шығып кетті.

-        Мен саған ескерттім ғой өз аяғыңмен кел деп

-        Кешіріңіз қарындас мен сізді түсіне алар емеспін, кешегі істеп кеткеніңіз анау, қызымның алдында.Сізге не керек? Артымнан неге қалмай қойдыңыз.

-        Ринат, менен олай оңай құтыламын деп ойлама. Бос сандырақтама. Сенің өтіріктерің маған өтпейді

-       Мен Ринат емеспін, қашанғы айтам сіздерге, Менің есімім Аман. Сізді өмірімде көрген емеспін дей берегені сол еді Аманның Анель шапалақпен бетінен шарт еткізді.

-       Сен мені бақытты етем деп алдадың, үйленеміз деп те уәде еттің. Бірақ сен мені алдадың, өмірімнің күл талқанын шығардың. Бұлай жасауға сенің қандай қақың бар деді жасын төккен Анель.

Осы уақытта Анельдің телефоны шыр ете қалды. Ринат хабарласып тұр екен.

-       Телефоның қайда деді Аманға

-       Қалтамда.

-       Онда неге маған хабарласып тұрсың?

-       Алсаңызшы, сіздің Ринатыңыз шығар.Мені босқа қинамай.

Телефонды алған Анель өз құлағына сенер емес. Хабарласып тұрған Ринат.

-       Сен кімсің?

-       Ей, саған не болған. Кеше құлағымды біраз шірітіп ең. Кел деп едің, үйіңің алдына келіп тұрмын. Үйіңде болсаң шық деді де Ринат телефонды қоя салды.

         Анельдің өзі ештеменің байыбына барар емес.Әлгі екеуін шақырды да: «Мынаған дұрыстап қараңдар, мен қазір келемін» деп көлігіне отырып кетіп қалды.  

        Үйіне жылдамдата барған Анель қақпасының алдынан Ринатты көрді. Өз көзіне сене алмады.

-         Сен, сен қалайша мұнда....

-         Саған не болды, өзің шақырған соң келдім

-         Жоқ, тоқтай тұр. Қазір..... деп сасқалақтаған Анель әлгілерге телефон соқты.

 

-         Ринат қашып кетпеді ме? деп сыбырлады.

-         Жоқ ханымым ол осында отыр алдымызда. Ринат емеспін деп қайталай береді қайта қайта деді. Телефонды қойған Анель жерге отыра кетті.

-        Сенің сахынаң ақ бітпейді екен, мен кеттім деп Ринат бұрыла берген еді. Артынан:

-        Сен неге мені қинай бересің, осыған дейін айтқаныңа көндім ғой, ойыншық құсатып тастап кете бересің бе мені деп жылады Анель

-        Бұған мен кінәлімін бе? Өзің осы халге жеткен. Аяғың ауыр болса алдырып таста деді Ринат бақырып

-        Жоқ, сен маған бұны жасата алмайсың, мен бұл баланы дүниеге әкелемін деп жылады. Мен бұл қаладан кетем де балаңды саған көрсетпеймін деді Ринаттың тас болып қалған жүрегін жібіткісі келіп.

         Ринат қанша қатігез болғанмен мына сөзі шынымен де оған  әсер етті. Ринат сол қалпы үйіне кетті. Анель де көз жасын сүрте қоймаға оралды. Келе сала:

         Мынаны босатыңдар, кінәсі жоқ бұл байғұсты босқа азаптаптық қой деді Аманға қарап.

         Аман Анельге қарап «өз мәселеңізді шештіңіз, ал менікін ше, қызымның алдында аяғы ауыр қызды тастап кеткен жігіт етіп көрсеттіңіз. Ал мен оның бетін алі қайтара алар емеспін. Сізде жауапкершілік деген бар ма ?»-деді Аман Анельге қарап.

-        «Шынымен де, жүріңіз қызыңыздан қателескенімді айтып кешірім сұрайын қаласаңыз. Сіз де мені түсініңіз. Жағдайды өзіңіз де түсініп қалған шығарсыз» деді Анель де мұңая

-       Ия, бірақ мен оны қазір қайдан табатынымды білмеймін.Сол үшін де оның қазір маңызы жоқ. Мүмкін мына байлаудан босатарсыз. Соншама шатастырып аларлықтай қатты ұқсаймын ба жігітіңізге? деді Аман сабырсыздана.

-       Ринат екеуіңді дәл бір судың егіз тамшысындай қатты ұқсайсыздар. Тіпті қанша уақыт Ринаттың қасында жүрсем де сіздерді шатастырып алдым. Жарайды сіз мені кешіріңіз, егер қызыңызды жолықтырып жатсаңыз, мынау менің номерім хабарлассаңыз барлығын түсіндіріп беремін деген Анель карточкасын қолына ұстатты.

         Аман тағы да үйінде. Ертең сабақ бүгін жұмысынан да қалды, ертең барып жағдайды түсіндіру керек, Айаруды тағы көрсем екен деп құдайдан тіледі. Бүгін күні бойы жүк тасыған адам құсап сілейіп ұйықтады.

         Ал Ринат үйіне келе жатып Анельдің сөздерін тағңы да ой елегінен өткізді. Үйге келсе  анасының әпкесі(акушер)немересімен келіпті. Ансының баланы еркелетіп өліп отырғанын көріп тағы ойланды. Бүгін күні тағы сандалып жүріп өтті. Анельді де аяп кетті.

         Ертесі таңертең Аман газет таратуға шықты. Сосын сабаққа барды. Сабаққа қайта бас қойды, қайтадан кітапхана жағалады. Бірақ Айаруды еш кезіктіре алмай қойды. Түнгі кезектегі жұмысына барды. Таңға жуық оралып қайта газет таратты. Осылай  біраз күндер өтті. Сабаққа асығып келе жатып Айаруды көріп қалды. Бұл сәтті құр жібергісі келмей Айаруды қолынан ұстап қалды. Артына бұрылған Айару:

-       Не керек саған, айттым ғой енді маған жолама деп

-       Мені тыңдамасаң сені ешқайда жібермеймін.

-       Ал тыңдайық, тұп тура бес минутың бар.

-       Қазір деген Аман бірден Анельге хабарласты.Телефондыалған Анельге мән жайды Айаруға түсіндіруін сұрады да телефонды Айаруға ұстатты.

        Анель саябақтағы оқиға үшін кешірім сұрады, одан кейінгі оқиғаны да баяндап берді. Айару басын изеумен ғана бәрін тыңдады. Сабақ басталуға аз қалды. Бірақ мұны екеуі де елер емес. Ақыры телефонды қойған Айару:

-      Мәнісіне бармағаныма ренжіме,сабақ басаталып кетті. Мен кеттім.Сабақтан соң дәл осы жерде күтемін деді.

-      Жарайды, тек уәдеңде тұрып күтші, саған айтатындарым өте көп деген Аман қимай тарасты.

       Ринат үйінен шыға бере телефонына досынан хабарлама келді. Түске таман қарызға ақша ала келші қатты қажет болып тұр. Университеттің алдында күтем деген мазмұнда. Ринат оқуын біржайлы етіп досына келді. Досына ақша берген соң «сәл отыра тұрайыншы» деп отырған болатын.

        Сабақ уақыты бітер емес. Бірінші Айарудың сабағы бітіп сыртқы беттеді. АлАманның сабағы бір сағаттан соң аяқталады. Бұл уақытты сыртқа беттеген Айару Аманды көрді. Оны таңқалдырайын деп артынан барып оның көздерін қос қолдарымын жұмды. Бұл шын мәнінде Ринат еді. 

                                                     Жалғасы келесі санында))))