Екіге айырылған егіз тағдыры

      І Бөлімін мыннан таба аласыздар

                                                                   ІІ Бөлім 

       Көз алдынан Айарудың бейнесі кетпеді. Ол оның кім екенін білместен сүйді емес пе? Бұрын соңды ғашық болмаған еді. Айару алғашқы махаббаты. Сондықтан да махаббаттың ащы дәмін алғаш татуы болатын. Бүгінгі күнін түгел сарапқа салды жатып. Айаруды келер деп күтпеген ол Айаруды көргенде тілі байланып қалғанына ұялды. Ол қыздың ауқатты отбасының қызы деп те күтпеп еді. Мен ол қызға махаббатымнан басқа немді бере алам деп қиналды. Оның қолында менің суретім қайдан жүр деп тағы ойланды. Ештеңенің мәнісіне бара алмады. Барінен қатты түсінбегені ана қыздың қайдан шыққаны. Ол қызды ұстап қалмағанына, сөздерінің мәнін түсіндіруін талап етпегеніне өкінді. Айарудың қатулы қабағымен, артына бұрылмастан кетіп бара жатқан бейнесі елестеп көз жасының қалай тамып жатқанын байқамай қалды.  Түсінде де Айаруға кетпеші деп артынан жүгіріп бара жатқанын көрді , оған қолнын жеткізе алмай «Айару»деп айқайлап жатып оянып кетті. Сағатқа қараса таңғы бес болыпты. Ол ерте тұрып тіршілік қамымен газет тарататын. Себебі пәтер ақысын төлеу керек болатын. Сағат алтыда газет таратуға шығып кетті де сегіздер шамасында сабаққа кетті. Сабаққа мүлде назарын аударта алмады. Оқытушысы да мұны байқап отыр. Ол өте жақсы оқитын. Бүгін оған тиіспеуді ұйғарды. Қоңырау шылдырынан селк ете қалды. Сөйтсе сабақ бітіпті.

        Ұстазы: «Мен кеше сені Алматыдан, қасында бір қызбен көрдім ғой» деді.

        Ештеме түсінбеген Аман: «Жоқ ұстаз біреумен шатастырған боларсыз, кеше мен осы қалада болдым,»-деді.

        «Мүмкін, бірақ дәл бір сені көргендей болдым, Аман деп айқайлап ем қарамадың»деп таңырқаған ұстазы сөмкесін алып есікке бағыттады.

         Ол енді кітапханаға бағыт алды. Ертеңгі дәріске дайындалуы керек болатын. Кітапханаға кіре берістен Айаруды көріп қалды. Ол мұны көрсе де көрмегендей өте шықты. Бірақ бұл жолы Аман оны қуып жетті.

         -Айару өтінем тоқташы. Сенімен сөйлесуім керек

         -Менің сенімен сөйлесер ештемем жоқ. Менің шаруаларым бар,мені бөгеме деп ұстап тұрған Аманнын қолындағы қолын сілкім тартып алды.

         -Сен ештемені түсінбедің. Мен ол қызды тіпті танымаймын да, мен сені алғаш көргеннен ұнаттым. Сенен басқа ешкім маған ұнамайды. Тіпті айтуға батпай хат та жаздым деді даусы қаттырақ шығып.

         -Тоқта, қандай хат?!Сен хат туралы қайдан білесің?! деді кетуге бағытталған ойынан қайтып. Оның сұрулы жүзіне  Аман да сұраулы жүзбен қарады.

         -Жүрші отырып сөйлесейік, сен ештемені түсінбедің, түсіндірейін деді Аман.

         Оның хат туралы қайдан білетінін білгісі келген Айару келісті. Екеуі кітапхана алдындағы орындыққа отырды.

         -Хат туралы сен қайдан білесің?

         -Ол хаттың иесі мен емеспін бе. Неге таңырқайсың?! Хат иесі мен екенімді білмесең мені неге бірден қабылдадың.Неге менімен кездесуге келдің

         - Саған мені әкем жіберді.Сенің әкеңмен келіскенін айтты.Бармасыма қоймады. Қарсылығыма қарамастан суретіңді қолыма ұстатып, кездесуге күштеп жіберді. Келсем сен тұрсың. Ал мен хат жиберген жігітпен кездескім келген еді. Хат жазған жігіт мен едім деп сен тұрсың мұнда.Сонда хат жазған жігіт те сен, әкем жіберген жігіт те сен болғаның ба?-деді тоқтамай сөйлеген Айару.

        -Түк түсінбедім, менің әкеммен келістім деп айтты ма?!

        -Ия, дәл солай.

        -Менің әкем қайтыс болғалы 8жылдың жүзі болды. Түкке түсінсем бұйырмасын.

        -Жарайды, мұны әкемнен сұрармын. Өзің сені ұнатамын дейсің,ана қыз ше сонда? Әлде оны да ұнатасың ба?

        -Соны өзім де түсіне алмай отырғаным жоқ па? Ол қызды тіпті танымаймын да, ол болса аяғым ауыр дейді

        -Тіпті аяғы да ауыр ма? Жігіттер бәрің сондайсыңдар.Әке осындай жігітке жіберер деп ойламаған ем. Бай баласы екенмін деп қыздарды жылатып тастап кете берулерің шарт па. Ал мен сені жөні түзу жігіт екен деп көңілім бұрып еді. Есіңде болсын ақшамен бәрін шеше алмайсыңдар деді де Айару орнынан тұрып кете барды. Аманның артынан айтқан сөздерін құлағына ілмей кете берді. Аман кітапханаға кірерін де кірмесін бе білмей қалды.

       Бұл уақытта Ринат қалаға қайта оралған еді. Әкесіне кездесуге бардым деп өтірік айтты. Бөлмесіне кіре бере тағы да телефонына жүкті болған қыздан(Анельден) қоңырау түсті

       -Не керек?

       -Мені тани қалыпсың ғой. Кеше танымап едің. Қасыңдағы қызыңның да сенің де сораңды ағызаp ма еді шіркіннің. Дәл қазір кел деді. Әйтпесе еріксіз келетін боласың

        -Неменееее? Менен ажырай алмайтының сондай артымнан Алматыға да бардыңба?

        -Немене оттап кеттің? Қайдағы Алматы.

        -Кеше мені танымаймын деп далбасалап едің. Бүгін Алматы деп оттап тұрсың? Әлде төбеңе бірдеңе құлады ма?

        -Кеше сені көрмек түгілі  дауысыңды да естіген жоқпын. Басымды көп қатырма деп телефонды қоя салды. Есі ауып қалған ба өзінің? Кеше оны көрсем бір сәрі бұлай айғайлайтындай. Аяғы ауыр болғанына мен кәнәлімін бе? Өзінен көрсін жабысып қоймаған деп күбірлеп бойы төсегіне жайғасты. Жатқаны сол еді ұйқтап кетті.

         Анель де жай қыз емес тін. Әкесіне айтқан сөзі заң  болатын. Сол арқылы қоластындағыларға Ринатты тауып келіңдер деп бұйырды. Бұл уақытта Аман ой үстінде үйге келе жатыр еді. Бүгін жұмыста оның сменасы болатын. (Түнгі кезекте жүк таситын). Соған баруы керек болатын. Ойын артынан түрткен елкезердей екі жігіттің түрткені бөлді.

         -Ринат деген сен бе?

         -Жоқ, мен Аманмын

         -Анельдің айтқанындай-ақ, есіңнен ауғаның соншалық атыңды ұмытып қалғанбысың

         -Сіздерге не керек?

         -Бізбен жүр, көресің!  - деп күлді біреуі. Екіншісі де қалыспай «Саған тосын сый»деп қарқылдады.

         Бармасына болмасын түсінген ол айтқандарына көнді. Машина отырысымен ақ көзін байлап, аузын да скотчпен жабыстырып тастады.

                                                   ****************

Жалғасы келесі санында))))

 



Бөлісу: