Екіге айырылған егіз тағдыры

Екіге айырылған егіз тағдыры
жеке
блог

І бөлім

          Бүгінгі күн іңгәлаған сәби дауысымен басталды. Себебі бүгін ауруханада таңға жуық егіз сәби дүниеге келген болатын. Ия, егіздер. Тағдырлары әртүрлі тарапқа кететін сәбилер еді бұл. Бұл сәбилер ауылдың жұпыны жанұяларының алғашқы сәбилері еді. 

        Бұл ауруханада қатар босанған екі әйелдің біріншісі осы кісі болатын, екіншісі қаланың салтанатты өмірін кешкен отбасының отанасы еді. Күйеуі білдей бір қызметте істейтін. Бұл сәби де олардың көптен күткен алғашқы сәбиі болатын. Жүктілігі тым ауыр өтті. Осы баласын зорға көтерген бұл ана сәбиін аман есен дүниеге әкелсем деп күні түні құдайдан тіледі. Сондықтан да босандырып алуды өз әпкесіне тапсырды. Әпкесі тәжірибелі акушер болатын. Бірақ бұл ананың тілегі қабыл болмады. Қиындықпен тоғыз ай көтерген сәбиінен айырылғанын анаға ешкім айтпады. Әпкесі егіз сәбидің біреуін осы ананың құшағана тапсырды. (Мұнын бәрін сіңілісінің қамы үшін жасырын істеді.)Бірінші әйелге екінші сәбидің шетінеп кеткенін жеткізді. Бізге өкінішті, сіздің сәбилерініңіздің бірінен айырылып қалдық. Қуанышымызға орай екінші балаңыз аман дегенде ана жүрегі қарс айырылды. Бірақ екіінші баласының аман қалғанына құдайға шүкірлігін білдірген ана баласын құшақтап ауылға қайтты. Екінші әйел де салтанатты өміріне сәбиімен оралды. Міне осылайша егіздер екіге бөлінді. Ия, осылайша біраз жылдың жүзі өтті. Жабулы қазан жабулы күйінде қалды.

      Ауыл баласы қиыншылықты бел ортасында жүріп әбден шыңдалып, ер жетеді. Әкесі бесінші сыныпта оқып жүргенінде қайтыс болып анасының көз жасын да көреді. Бірақ бұл оны құлата алмады. Күйбең тіршілікке әбден піскен бала білімді азамат болуды көздеп араман қуа қалаға оқуға келді. Бұл жігіттің есімі Аман еді. Анасы аман жүрсін деп осы атты берді.

      Қала баласы қайғы көрместен, қам жеместен ер жетті. Ата анасы баласының қолын қақпады.  Міне  сондықтан да үнемі мектепке ата анасын сүйрелейтін де жүретін. Үнемі төбелес пен төңкерістердің арасында жүрді. Анасы сонда да жалғыз балам деп бәріне төзді. Бұл жігіт те осылайша мектеп бітірді. Жақсы да оқымады. Әкесі ақшасын пайдаланып университетке оқуға түсірді. Тіпті әкесі көлік те алып берді. Мұнымен күндіз түні қаңғып жүрген жігітіміз  Ринат болатын.

                                                          ***********

        Аман үнемі алға тырысты, сондықтан да ештеңеге мән бермеді. Бірақ, бір күні бұл жігіттің жүрегін бір ару жаулап алды. Ақылы көркіне сай бұл арудан махаббат ауруына шалдығып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Бұл қызбен танысуға себеп іздеді.Ақыры хат жазуды ұйғарды.

       Бұл қыздың да талғамы биік еді.(жеңіл ойлылардыұната қоймаушы еді.) Өте ауқатты отбасының қызы. Әкесі өздері сияқты қызының жақсы жерге баруын қалады. Бұл қыз әкесінің сөзіне еріп қалаған жігітімен кездесе алмады. Әкесі Ринаттыңың әкесімен қызметтес еді. Құда болсам деген арманы да бар болатын. Бірақ баласының қызына ұнай қоя ма екен деп үмітінен күдігі басым болды.  Айарудың «бай баласының ішінде де жақсы жігіттер бар шығар »деген үміті ғана болды.Себебі алдыңғы жүрген жігітін таныстыруға апарғанда әкесі үйінен қуып шықты. Жігіттің бар кінәсі кедей болғандығы еді. Осыдан соң еш жігіттің жүрегін ауыртпайын деп ешқайсысының сезіміне жауап бермеді. Осы уақыттарда ғашықтық сыры жазылған бір парақ хат келді. Құрбылары қай ғасырда қалған мына жігіт деп бір  күлді.Бірақ оған керсінше ұнады, әрі кім екен деген сұрағы тұрды көңілінде.ХАТ соңында қарсы болмасаңыз сізбен танысқым келеді. Бүгін кешке саябаққа келіңізші. Келмесеңіз «жоқ» дегеніңіз деп ұғамын деп аяқтапты. Мұндай хат жүрегін елжіретті. Баруға бел байлады. Үйге келіп дайындала бастаған еді. Бірақ мұнысын әкесінің сөзі бөлді.

           -Кешке еш шаруаң жоқ па?

          -Жоқ (Әкесінен кездесуге баратындығын жасырып)

          -Онда тіпті жақсы саябақта сені бір жігіт күтіп отыр сонымен барып кездесіп қайт.

          -Әкеее, осымен нешінші рет, сіздің байсымақ жігіттеріңіз жалықтырды. Өз қалағаныма неге жолатпайсың?- деп жылап жіберді

         -Көп сөзді қой, олар сенің теңің емес!Міне сенің теңің деп Ринаттың суретін столға тастай салды.

          Әке көңілі үшін бүгінгі кездесуінен қағылды. Әкесі оны Ринатпен таныстырмақ еді. Сол үшін алдын ала Ринаттың әкесімен келісіп баласын жіберетіндігін біліп қайтқан екен. Алайда Ринат әкесіне барам дегенмен, іштей бармайтындығын шешіп қойды. Соңғы күндері жүріп тастап кеткен қыздары мазасын ала берген соң қаладан кетіп қалмақ болды.

         Қыз саябаққа жол тартты.Саябақтың орталығында гүлімен Аман күтіп тұрды. Суретке қарап келе жатып,Аманға соғылып құлап түсті. Іздегені де осы суреттегі жігіт еді. Кеш қарауытып қалған. Іле шала қызды сүйеп тұрғызған Аман оның Айару екендігін көрді. Келер деп ойламаған еді. Көңілі толып қуаныштан бұлбұл жайнады. (Қам көңіл Ринатқа келгенін қайдан білген.)

         -Мен сені келер деп ойламап ем

         -Ия, мен де

Гүлін ұсынған Аман: «Жүріңіз, ана орындыққа жайғасайық» –деді.(Айару да ішінен бай баласы да биязы бола алады екен ғой деп ой түйді. Кереметтей жылтырап киінбепті де. Өзінің талғамын тапқандай көрінді оған)

      Ұзақ әңгімелесті.Аман хат туралы айтқанға қысылды.Айару да ата аналары туралы сөз қзғауды жөн деп таппады. Тек өздері жайлы, өмірге көзқарастары жайлы айтты. Түн батты. Көлігімен келген Айару «мен қайтайын»деп жиналды.. Бір сәтте қастарына бір қыз жетіп келіп:

      -Ия, менен қашып жүргенің мына қыз үшін екен ғой!- деп шапалақпен бір тартты.

       Мұны Айару да Аман да түсінер емес.

      -Мен сені бұлай тайраңдатып қоймаймын!-деді ашынған қыз.

       Аман бұл қызды танымайтындығын айтып Айарудың алдында ақталды, бірақ ол артына қарамай көлігіне мінді де кетіп қалды.

      -Мені танымаймын деймісің, онда мына ішімдегі баланы да танымайтын шығарсың, оңбаған неме. Сені түрмеге отырғызып сораңды ағызам деп жылаған қалпы мына қыз да кетіп қалды.

       Ештеме түсінбеген Аман түні бойы ұйықтай алмады.

                                              *************

Жалғасы келесі санында.