Екеудің әңгімесі
блог
- Баспанамыз кең болсада үнемі қонақтан арылмайды.Үйімізге кіріп алып үш күн,үш түн шықпай қояды. Әбден шаршадым,үйге түнегені аздай,жан жағымыздан қаумалап,түрткілеп мазамызда қашырады- дейді, әйелі долданып.
- Шыдай тұр,ертең түс ауғанда олардан да құтыламыз- деп, мұртты қара әйелін жұбатып отыр.
- Қайдам, бұлар кетсе басқалары келмейді деймісің?!
- Әй қатын,не болды сонша ішің тарылып?! Осы қонақтардың арқасында қарынымыз тоқ, көйлегіміз көк екенін ұмытпа.Құдайға шүкір санымызда күннен күнге артып келе жатыр.
- Өзіміздің көбейгенімізге қуанамынғой отағасы,бірақ бұл қонақтардың шыдамдылығына қайран қалам.Cонша жылдан бері бұл үйді біздер мекендесек те бұлардың бізден қашар түрі жоқ,қайта біздермен бірге ас ішіп,біздермен бірге ұйықтауға өздерінің еті үйреніп кеткен сыңайлы...
- Сөзіңнің жаны бар.Айтпақшы, кеше Қоңырсарыны ерітіп 9-үйдің қонақтарына бардық.Бір семіз сары әйел тамақты ерекше асап жеп отыр екен,сыбағамызды сары әйелден алмақшы болып аңдып,сары әйелдің көзі ілінгенше төменнен жоғарыны күзетіп отырдық.Шамдар сөніп,сары әйел ұйқыға кеткенде,біздер оның ертеңгі күнге сақтап қойған тамақтарына ұрлыққа түстік.Кешегі әкелген азық сол семіз сары әйелдікі – дей беріп, үстінен төніп келе жатқан қара көлеңкені байқап зырылдай жөнелді.Қас пен көздің арасында қоңыр тәпішке еденге тарс етіп жабысты да қалды.Тәпішкеден аман есен құтылған екі тарақан Алматы-Маңғышлақ вагондарының шаңын бұрқырата жүгіріп зытып барады.