Екібастұздың ерекше ескерткіштері

Екібастұздың ерекше ескерткіштері
жеке
блог

  Анар Мұстафинаның  «Қазақстандағы ерекше ескерткіштер» мақаласын оқып, осы блогты ұсыну ойыма келді. Кішкене асығыстау болғандығы үшін біраз суреттер жүктелмей қалды, келешекте ұсынамыз деген ниеттеміз. Ал онда Екібастұз қаласының ескерткіштерімен таныс болыңыз... .

Бұл, қаламыздың кіре берісіндегі қала белгісі. Егер Екібастұзда қонақта болған болсаңыз бірінші көзіңізге түсетін ауқымды ескеркіш осы... .

Темір жол вокзалының қалаға шығар тұсында орналасқан бұл ескерткіш, Екібастұз қаласындағы "Богатыр Көмір" ашық көмір шахтасының ең алғашқы техникасының бір бөлігі. Ол жерде шағын саябақ орналасқан... .

Тағы бір тамаша туынды... . Бұрынғы неке сарайының алдында орналасқан... .

Біздің "Бәйтерек" ... .

Қала орталығындағы ескерткіштер жиынтығының "Шахмат" деп аталатын бір бөлігі... .

Бұл екінші бөлігі, жирафтар жанды секілді. Ешқандай қалада көшірмесі жоқ ескерткіш... .

Қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш... .


Кім екенін білген боларсыз. Ия, сол актер ғой. Бізде ол кісіге де ескерткіш орнатылған... .

В. И. Лениннің қос ескерткіші. Әлі де айбынды )))

"Жеңіс" саябағы. Танк ауған соғысы әскерлерінен қалаға сыйға берілген... .

Саябаққа ерекше сән беріп тұрған соғыс куәгері ... .

Ауған соғысында қаза тапқан Екібастұздық әскерлерге арналған естелік тақтасы... .


Абай Құнанбайұлының мүсіні... .

Бұл кісі қаламыздағы ескерткіштердің басым бөлігін жасаған, мүсінші Гамал Сагиденов. Ол кісінің ең соңғы туындысы Ресейлік аты шулы әнші Жанна Фриски ескерткіші. Бірақ дайын болған ескерткіштің Екібастұз қаласында бой көтеруіне әнші қарсы болғандығы үшін, ескерткіш мүсіншінің ұстаханасында тұр... .