Нақтырақ айтсақ, Премьер – Лиганың мәреге жетуіне төрт тур қалып отыр. Чемпиондықтан Елордалық “Астана” мен Алматының “Қайраты” дәмелі. Турнир кестесін қоржынында 65 ұпайы бар "Астана" командасы бастап тұр. Елордалық жігіттердің бір ойын кем ойнағанын ескерсек, Станимир Стоилов шәкіртері бұл тартыста сөзсіз фаворит. Алайда, ел чемпиондарының Европа Лигасында Қазақстан намысын қорғап жүргендігін есте ұстасақ, бұл дегеніміз елордалықтарға түсетін қосымша салмақ.
Европа Лигасында көпшілік елордалық жігіттердің топтан шығатынына сенімді. Оның себебі де түсінікті! Былтырғымен салыстырғанда, биылғы қарсыластар “Астанамен” деңгейлес. Алайда, топтық кезеңдегі екі ойынын ойнап үлгерген “Астана” командасы, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмады. Алғашқы ойында сырт алаңда Кипрдің “АПОЭЛ” командасынан 2:1 есебімен жеңілген Стоилов жігіттері, Астанада болған ойында Швйцарияның “жас жігіттерімен” (Young Boys) ұпай бөлісті. “Астана” ойыншылары келесі ойынын қазанның 21-і күні сырт алаңда өткізеді. Қарсылас азулы Гректің “Олимпиакосы”.
Енді ел чемпионатына оралсақ. Ішкі біріншілікте “Астананың” жағдайы жаман емес. Басты қарсыласы - “Қайраттан” 4 ұпайға озып тұр. Одан бөлек XXV – ші турдағы кейінге шегерілген ойын бар. Ойша алғанда 7 ұпайлық басымдық елордалық клубтың сөзсіз чемпион екендігін айқындайды. Алайда, ел арасында “доп - дөңгелек” деген сөз бар.
Соңғы өткен кездесуін, Стоиоловтан тәлім терген жігіттер сырт алаңда “Ордабасымен” өткізген болатын. Тіркелген есеп 0:1, “Астананың” пайдасына. Әрине, жеңіс елордалықтарға оңай келген жоқ. Шымкенттік клуб оңай шағылар жаңғақ емес. “Ертіспен” “Оқжетпесті” айтпағанда, чемпионаттың қола жүлдесіне үміткерлер қатарында “Ордабасы” командасы да бар.
Елордалық команда қатарынан үшінші рет чемпион атануға жақын. Ол үшін “Астана” жігіттері қалған бес ойында ойдағыдай нәтижеге қол жеткізулері тиіс. Алғашқы қарсылас XXIX – шы тур аясында қонаққа келетін Көкшетаудың “Оқжетпесі”. Владимир Муханов жігіттеріне де жеңіс ауадай қажет. Матч қызықты болатыны анық. XXX — шы турда елордалықтар басты қарсыластарына қонаққа бармақ. Алматыда өтетін бұл “классикода” чемпиондықтың тағдыры шешілуі мүмкін. XXXI – ші турда Стоилов шәкірттері “Ақтөбе” клубын өз алаңдарында қабылдайды. Бұдан кейін, чемпионаттың кейінге шегерілген XXV – ші туры ойналмақ. “Астана” командасы Көкшетауға қонаққа барады. Соңғы XXXII – ші турды да елорда жігіттері сырт алаңда Павлодардың “Ертісімен” күш сынасады.
Осындай тығыз ойын кестесімен қатар, Европа Лигасында өнер көрсету елордалықтырға қиын соғатыны айтпаса да белгілі. Жігіттерге “екі майданда” да сәттілік тілейміз.
P/S: "Қайрат" Чемпион!!!
Баймұхан Сырым, Журналистика факультетінің 2 - курс студенті